диалог: " кітап дүкенінде" - сәлеметсіз бе, апа! сіз қандай кітап алғалы тұрсыз? - аманбысың, . қасым қайсеновтың таңдаулы шығармалары берілген кітапты алып, оқымақпын. - неге қасым қайсеновты оқығыңыз келді? - себебі, партизан жазушы қасым қайсеновтың шығармаларында ұлы отан соғысы туралы жазылған. күні кеше тойлаған жеңіс мерекесі қарсаңында қ.қайсеновтың туындыларымен танысқым келді. - ендеше, бұл кітапты оқыған кезде отанға деген сүйіспеншілік сезімі арта түсетін шығар. солай ма, апа? - дұрыс айтасың, . ал сен кітап дүкеніне қандай кітап алуға келіп едің? - мен кітап оқығым келіп, дүкенге келген едім. енді қандай кітап аларымды білмей тұрмын. сіз маған кеңес берсеңіз жақсы болар еді. - жарайсың, . кітап оқысаң, тіл байлығың көбейіп, көп нәрсені үйренесің. мен саған м.әуезовтың "абай жолы" роман-эпопеясын оқуға кеңес берер едім. ол кітапты оқитын болсаң, қазақтың ұлы ақыны абайдың өмірімен, шығармашылығымен толықтай таныс боласың. мен бұрын сол кітапты оқып, ерекше әсер алдым. - кеңесіңіз үшін рахмет, апа. - оқасы жоқ, . кітап дүкеніне жиі келіп, кітап оқып жүруді ұмытпа. кітаптың саған берер пайдасы көп. - жарайды, апа. сізге үлкен рахмет. сау болыңыз! - сау бол, .
Салиев
10.07.2021
Мен натюрморт салдым,суретті мен қара қарындашпен салдым.бұл суретте мен вазадағы раушангүлдердің желектерінің түсуін және, қасында жүзіммен екі алманы бейнеледім бұлардың барлығы терезенің қасында үстелдің үстінде тұр.мен бұл суретке барлық зейінімді салдым.мен осы натюрмортты алғашқы салуым,көбінесе мен пейзаждарды салуды ұнатамын,соның ішінен аңдарды,гүлдерді және табиғатты,мен қара қарындашпен салуды өте ұнатамын,сондықтан суреттерге мен өз жанымды саламын! я нарисовала натюрморт.рисовала рисунок простым карандашом.на нем изображена ваза с опавшими розами,рядом виноград и пара яблок.эти объекты находятся на столе у окна. я старалась.я никогда не рисовала натюрморты.больше всего люблю рисовать пейзажи особенно животных,цветы,природу.мне нравится рисовать карандашом и поэтому я вкладываю в свои рисунки, всю свою душу!
severbykova
10.07.2021
Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. алматы қаласынан 18 км жерде, кіші алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. медеу спорт кешені 1972 ж. тұрғызылды. құрылысқа қатысқан архитекторлар: в.з. кацевке, а.с. қайнарбаевқа инженер с.б. матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 ) 1975 ж. ксро мемлекеттік сыйлығы берілді. конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. медеу спорт кешені құрамына медеу қонақ үйі кіреді. медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық қабылдай алады. сенбі, жексенбі күндері — медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. медеу спорт кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.медеу - алматының төңірегінде, кіші алматы өзенің жағасында жататын мұз айдыны. теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады. әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы халықаралық еркектер конькимен тез жүгіру чемпионаты болған. это мне на днях прислали,перевод незнаю.