қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. париж қаласында алғаш рет құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. юнеско-ның жанынан халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том қтарға арналып, қтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. соның нәтижесінде соңғы қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл кітабын шығаруға құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
табиғат ана біздің өмірімзге әртірлі таңғажайып орындарды сыйға тартуда. табиғатқа тау, тас, ауа, жан-жануар, шатырлаған найзағай, жауын-шашын, ақ ұлпа қар сияқты құбылыстарды жатқызуға болады.осы құбылыстырды төрт мезгіл арқылы баяндай аламыз.
астанамның көгінде алаулаған күн қандай! бұлбұлдары сайраған бұйраланған бақ қандай! теректері жайнаған жасыл бантик таққандай самал желмен таранған қызғалдақты қыр қандай! жер бетіне сан алуан жалау өсіп тұрғандай. тіршілік көзі. табиғатты қорғау біздің парызымыз. оның әрбір әсері біздің болашағымызда үлкен рөль атқарады. аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. табиғатты аялау әр үшін маңызды, себебі табиғаттың бір бөлшегі. сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек.Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение на казахском "шал мен ". надо