UvarovAndrei
?>

"менің отбасым" бойынша диалог қүрастыру

Казахский язык

Ответы

tyrenumberone
Менің отбасым 5 бар.ол: шеше,әке,қарындас,аға және мен.шешем үйдежүмыс істейді,әке шопыр,қарындас 4 сынып оқиды,аға университетте оқиды,мен 8 сыныпта оқимын.мен өте жақсы көреді.
annakorotaev3

1782 жылы 25 ақпанда ІІ-Екатерина Уәлиді Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы әмір еткен грамотаға қол қояды. Сол жылы 2 қарашада Петропавловск бекінісінде Уфа мен Симбирскінің генерал губернаторы Якобийдің қатысуымен Уәлидің таққа отыру және ант беру рәсімі өткізіледі. Уәли хан Ресейдің қазақ хандығында жүргізген империялық қитұрқы саясатына тосқауыл болуға тырысты. Деректер Ресей билеушілерінің ел ішінде ханға наразы күштер болса жасырын қолдап, керек болса ақша да беріп, ұшқынды өртке айналдырып отырғанын айғақтайды. Орта жүздің Кіші жүзбен, Ұлы жүзбен ағайындық, туыстық, мемлекеттік байланыстарын үзіп, араларын алшақтатуға тырысқан. 1781 жылы Ресейде Кіші жүздің ханы Нұралы мен Айшуақ сұлтан тұтқынға алынғанда Уәли хан бұған наразылық білдіреді. Ханның бұл әрекетіне Орынбордың генерал губернаторы барон О.Игельстром төмендегідей жауап береді: “Жоғары дәрежелі хан, Ұлы мәртебелі императрица Сізге тек қана Орта жүзді билікке берді, ал қазақтың Кіші жүзінің ісі, ондағы жағдай Сізге мүлдем тапсырылмаған болатын”[2]. “Аңдыған жау алмай қоймайды” дегендей, Уәли ханның көзі тірісінде 1815 жылы Орта жүзде тағы бір хан сайланады. Ол — Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген Барақ сұлтанның ұрпағы Бөкей еді.

Gennadevna-Darya1216

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады:

Қымбат маған елімнің бар даласы,

Балтық пенен Сахалиннің арасы.

Қайда болсам қиям оған жанымды,

Туған жерден қазсын бірақ қабірді.

Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"менің отбасым" бойынша диалог қүрастыру
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Денис_Петровна
Сергеевна_Юрикович
drontox1031
porotikova1004
Soliyabronzoni
e3913269
Илья_Ветклиники1655
satinvova
KrisTinka
Aleksandr362
shabunina17
Кононова-БЕСКРОВНАЯ
Узлиян Фурсов1488
Kelena190533
masum-2011687