ainud
?>

Нужен перевод.бұл жақта жаз ыстық болады. қар суымен дымқылданып жататын жер алғашқы ыстықта қызып, өсіп қауырт өседі.бекеннің бақшасы да солай болды. бір күні қауын, қияр еккен жеріне келсе, құлаш жайып өскен өсімдіктердің құлағы салпиып, әрі боп-бос болып қалыпты. солғалы тұр екен деп қорыққан ол күдігін атасына айтты.   -шөлдегендікі ғой, суару керек, -деді үлкен кісі.  күрек алып, сонау көмейге барды. арыққа су салып, жол бойы былтырдан қалған ескі шөптерін тазалай келді. бақшаға жіберілген мол су әр түпке шымырлап сіңісімен-ақ, қияр, қауындар құлағын қалқайтып қайта көтеріліп жатыр. бекен таң қалды. «шөлі қанып не қарны тойған соң, ширай бастайын жан иесі секілді» деп ойлады ішінен.  судан кейін өсімдік біткен бір күнде қаулап шыға келді. әсіресе бүкіл бақшаға арам шөп лап қойды. бекен екі күн бойы бақшасын тазартты. атасы «маусым» деп атайтын бұл айдың ыстығы осал емес көрінді.   арада бір-екі жұма өткен соң, анада еккен бір түйір дән құлаш-құлаш желі тартып, әуелі сары құлақ гүл ашты да, артынша түйін тастаған-ды. міне, енді қара көк жапырақтың астынан сопиып-сопиып қияр пайда болды.   алғашқы қиярды үзіп алғанды, алып-ұшып атасына жетті. атасы ораулы бәкісін ашып: -бекенім өсірген алғашқы көк қой, - десіп, әжесі екеуі жеді. өзі де күртілдетті.  -тәп-тәтті, -деді сонан соң.  -иә, ң өз еңбегі сіңген қара суы да тәтті болады, , - деді үлкендер.

Казахский язык

Ответы

margo929

Су табиғатты құраушы төрт негізгі элементтердің бірі ретінде мұхиттар, теңіздер, көлдер мен өзендер күйінде қиял-армандар, ертегілер мен өлең-жырларға шабыттандырудың қайнар көзі болған. Түрлі зерттеулерге сәйкес, ұлы өркениет ошақтары әрдайым мол су қоры бар жерлерде пайда болған. Рим империясы, Мысыр және Иран өркениеттері үлкен өзендердің бойында орналасқан. Су әрқашан ұлттардың мәдениетінде үлкен маңызға ие болған. Мысал ретінде ирандықтар арасындағы судың қадірі мен құндылығына сілтеме жасауға болады. Бұрын ирандықтар жыл сайын х.ж.с.б есфанд айының он үшінші жұлдызын «Сулардың Наурызы» деп атап, бұлақтар мен өзендердің басына барып, суды қорғау мақсатында арнайы рәсімдер өткізіп, суларға раушан гүлінің суы «голаб» шашып, себетін болған.

Су әртүрлі діндер мен мазхабтарда маңызды рөлге ие. Барлық діндер судың өмірдің негізі мен гүлденудің қайнар көзі екендігін бірауыздан мойындап отыр. Мәселен, мұсылмандардың қасиетті кітабы, Құран Кәрімде су терең мағынаға ие. Құдай Құранның көптеген аяттарында адамдарға су жайлы ойланып, осы ұлы нығметке шүкіршілік етуді айтқан. Осы аяттарға сәйкес, су өмір сыйлайтын, өмірді сақтаушы, а мен жерді тазалайтын Құдайдың нығметі саналады. Әсіресе, Құранның көптеген аяттарында судың өмір сыйлайтын қасиетіне сілтеме жасалған. Мысалы, «Фурқан» сүресінің 48-49 аяттарында: «Құдай суды бұлттар арқылы төменге жіберді, сол арқылы өлімінен кейін жерге қайтадан өмір сыйлады»,- деп жазылған. Сондықтан, қасиетті Құран Кәрімнің аяттары бойынша, су тек өмір ғана сыйлап қоймайды. Әрбір өмірдің негізі су болып табылады. Құранда су Құдайдың адамнан кейінгі ең құнды жаратылысы саналады.

Tatyana1426

бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді. Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.

Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.

Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.

Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.

Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын.Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайы айсар батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады». Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды. Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.

Объяснение:

сделай лучший ответ

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Нужен перевод.бұл жақта жаз ыстық болады. қар суымен дымқылданып жататын жер алғашқы ыстықта қызып, өсіп қауырт өседі.бекеннің бақшасы да солай болды. бір күні қауын, қияр еккен жеріне келсе, құлаш жайып өскен өсімдіктердің құлағы салпиып, әрі боп-бос болып қалыпты. солғалы тұр екен деп қорыққан ол күдігін атасына айтты.   -шөлдегендікі ғой, суару керек, -деді үлкен кісі.  күрек алып, сонау көмейге барды. арыққа су салып, жол бойы былтырдан қалған ескі шөптерін тазалай келді. бақшаға жіберілген мол су әр түпке шымырлап сіңісімен-ақ, қияр, қауындар құлағын қалқайтып қайта көтеріліп жатыр. бекен таң қалды. «шөлі қанып не қарны тойған соң, ширай бастайын жан иесі секілді» деп ойлады ішінен.  судан кейін өсімдік біткен бір күнде қаулап шыға келді. әсіресе бүкіл бақшаға арам шөп лап қойды. бекен екі күн бойы бақшасын тазартты. атасы «маусым» деп атайтын бұл айдың ыстығы осал емес көрінді.   арада бір-екі жұма өткен соң, анада еккен бір түйір дән құлаш-құлаш желі тартып, әуелі сары құлақ гүл ашты да, артынша түйін тастаған-ды. міне, енді қара көк жапырақтың астынан сопиып-сопиып қияр пайда болды.   алғашқы қиярды үзіп алғанды, алып-ұшып атасына жетті. атасы ораулы бәкісін ашып: -бекенім өсірген алғашқы көк қой, - десіп, әжесі екеуі жеді. өзі де күртілдетті.  -тәп-тәтті, -деді сонан соң.  -иә, ң өз еңбегі сіңген қара суы да тәтті болады, , - деді үлкендер.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*