таптым-таптым, тап жорға,табаны жалпақ боз жорға./түйе/.
маң-маң басып келеді,тапырақтап желеді.мойны ұзын, үсті тау,ертеден елге бел еді./түйе/.
кезікті бір жануар,үстінде екі тауы бар.мойны ұзын, көзі үлкен,бұл не,өзің тауып ал? /түйе/.
даусы қоңыр, үні мұң,тесіп қойған мұрынын./түйе/.
дүниеде ақас бар бек жайлаған,жанына барса ойбайлаған.ақастың білер мінезі бар,мінгесіп екі той тойлаған./түйе және оның өркеші/.
бір тақыт бар дүниеде әркім білер,ол тақыт қымбат емес, әркім мінер.мінерінде төмендеп келеді екен,мінгеннен соң жоғары көтерілер./түйе, оған мінген /.
дүбір-дүбір төртеу,есенгелді екеу.жағалбайлы жалғыз,оның таңы қарбыз./түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы/.
төрт кісі төсек сал дейді,екі кісі қарауыл қарайды,үлкен әйел есік аш дейді,кіші әйел төмпештейді./түйе, төрт аяғы, екі өркеші, түйенің құмалақ тастағаны/.
төсек астында төрт күлше./түйенің төрт табаны/.
таудан тас домалайды,тас бұршақтай ./түйенің құмалағы/.
жоғарыдан көп тас домалайды,кезектесіп бірін-бірі қуалайды./түйенің құмалағы/.
шашылды маржан,бағасы арзан./құмалақ/.
апан-апан,ескі шапан.иір қобыз,жарық жұлдыз./түйенің шудасы, мойны,көздері/.
мамам маң басып барады, күлшесі қалып барады./түйенің ізі/.
екі төлдің атынанбір төлдің аты шығады./тайлақ/.
түбірлі төртеу,түймемен бесеу,ерубай екеу,мамық жалғыз./жылқы/.
қоян жақты, тақыр жонды,төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.салпы ерін, өзі жүйрік,кең омырау, жуан құйрық./ат/.
төрт түп тұт мәуітімен кесіледі,үстіне мінген есіреді.құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен,ойласаң тереңірек шешіледі./ат/.
отырдым мұнан барып оймауылға,қлінді екі аяғым байлаулыға.қолыма екі қайыс ұстап алып,жүргіздім қайда барсам айдауыма./мінген ат/.
екеуі елеңдеп келеді,төртеуі төбелесіп келеді./аттың екі құлағы мен төрт аяғы/.
ана таумен мына тау соғысып келеді./аттың төрт тұяғы/.
кішкене ғана тостаған,көтеріп қана тастаған./аттың тұяғы/.
алды қияқ, арты шалғай./аттың жалы/.
ұштым,ұжмаққа шықтым,тептім, терекке шықтым./атқа міну/.
қарасам, қайдан келдің,малы қара сайдан келдің./аттың тезегі/.
кекендеткен несі екен,келіп салған несі екен? сорпылдатқан несі екен,сорқылдатқан несі екен,суырып алған несі екен,суы тамған несі екен? /желідегі биені емген құлын/.
төртеу келеді,төртеу асылып тұрады,екеу жол көрсетеді,екеу иттен сақтайды,енді біреу артында асылып тұрады./сиыр/.
екі айнасы бар, екі найзасы бар,төрт жаптырмағы бар,бір шыбыртқысы бар. /сиыр/.
бүкір ағашқа қар жұқпас./сиырдың мүйізі/.
ел жатса да енекем жатпайды./сиырдың мүйізі/.
төсек астында төрт бауырсақ ./сиырдың желіні/.
төрт туысқан бір шұңқырға құяды./сиырдың емшегі/.
арқасы бар, аунамайды,аузы бар, күйсемейді./сиыр мен ат/.
кішкентай ғана бойы бар,айналдырып киген тоны бар./қой/.
төрт тағанды бойы бар,момындық дұрыс ойы бар.кербезденіп жүрмейді,айналдырған тоны бар./қой/.
азанда кетер ләйлекен,кеште келер ләйлекен.түрлі-түрлі жібектен,түймесі бар ілгектен./қой, ешкі/.
шапаным да, тоным да,арқаның жүр жонында.атам соның соңында,таяғы бар қолында./қой, қойшы/.
ашылмаған сандықта,пішілмеген құндыз бар./қозы/.
қайырып басын тастаған, қайқайып қойды бастаған./ешкі/.
асты пышақ, үсті істік,өзіне лайықтап киім пішкен,секіріп-секіріп түскен./ешкі/.
төрт аяғы бар,басында екі таяғы бар,иегінде екі сақалы бар./ешкі/.
сақалы бар,санасы жоқ./ешкі/.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Небольшое описание дәрігер на казахском языке.