tarkhanovilya
?>

Нужны загадки на казахском языке про язык))желательно 5-6 штук

Казахский язык

Ответы

cometa94558
Бір су бар шыршық деген қалқып аққан,бетінде бетегесі шығып жатқан.қарайсың міне соған тамашалап,сол судың кете алмайды  дәмін татқан./кітап/. сандығым бар өзгеше,  қолыма алып жүремін.ішін ашып ақтарып,өмір сырын білемін./кітап/. ұзын-ұзын ұсқауын,ұзынына кім жетер? шұбар ала күйкентай,шұбарына кім жетер? /кітап/. бір қобди дүние жүзін бағалаған,әсемдеп, талай қамалаған.қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,ашылса табылар еді не қалаған./білім, кітап/. жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,ашылар мезгілінде баурын жазып.ішінде толып жатқан қазынасы бар,  қорек қып пайданалар тамам халық./кітап, оқу/.
kazimov832

қазақтарға  дәстүрлі қонақжайлылық  қасиет  ежелден тән. олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. бұл жөнінде xix ғасырдың аяқ кезінде  ресей  зерттеушісі  виктор фон герн  былай деп жазған болатын:   «жалпы алғанда, қазақтар осы  уақытқа  дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. мұның өзі олардың  сүйегіне  ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».

үйге  келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. xix ғасырда  қазақстандаболып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі  ф. фон хелльвальд  та былай деп жазды:   «қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. олардың  киіз үйіне  кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік  ң  өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».

қазақтарда үйіне келген кез келген  ға  міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. егер үй иесі  қонаққа  ондай  құрмет  көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға  құқықты  болған. ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. әдетте мұндай келеңсіз  оқиға  қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.

.
Sergei Vitalevna
«күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында жаралған). бұдан кейін бүкіл білге қаған мен күлтегін батырдың ата- билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан бумын қаған мен істемі қаған мадақталады. «күлтегін» жырының авторы түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. сондай-ақ ақын бумын қаған мен істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («соңындағы інісі ағасындай болмады, ұлдары әкесіндей болмады. біліксіз қағандар отырған екен, жалтақ қағандар отырған екен»). табғаш елінің алдауына көнген түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. елде алауыздық туды. түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. бұл өте қауіпті кезең еді. автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «бек ұлдары – құл болды, пәк қыздары – күң болды», – дейді. міне, содан кейін күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. жырдың авторы күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. жырда күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. ақын күлтегіннің ерлігі туралы: «бастыны – еңкейтті, тізеліні – бүктірді», – дейді. сөйтіп, жырда күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. аз халықты көп қылдым. тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. жыр соңында күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады. «күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда астана қаласындағы еуразия ұлттық университетіне күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Нужны загадки на казахском языке про язык))желательно 5-6 штук
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Ryazanova1575
grebish2002
Linichuk
twisty20075004
deniskotvitsky56
saltikovaPavlenko
annabanova9
Городничий_Коновалова384
ludakamasana
arturnanda803
shurshin6975
Пимкина Сергеевич
Владимирович111
zyf0066
rkorneev19061