galkavik
?>

Фонетический разбор слова - дәптер - кала

Казахский язык

Ответы

zakaz6354

Жібек жолы бұл Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.

Ал ең бастысы Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өңдірілетін тауарлар тасылды. Бұл тажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар — мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) еті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршыталар мен сұнқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті татамдар мен қант, жемістер мен көкеністер Жібек жолы арқылы тарады.

guzelda19904850
Күлтегін жазуы. әр халықтың қалыптасу, жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған. кеңестер одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.      түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – күлтегін ескерткіші. орхон-енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.                                              бізге жеткен түркi тарихы да осы vii-viii ғасырларда жазылған орхон-енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi монғол халық республикасының астанасы улан-батордың батысындағы 400 километр жердегi орхон өзенi бойындағы кошо- ойпатында орналасқан. оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы н. м. ядринцев. 1890 жылы гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы в. радлов бастаған орыс ғылым академиясының экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы ужчжоудағы ағылшын консулы к. кэмппель күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы де ля кост келiп тексе, 1912 жылы ғалым в. л. котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол – чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. бұған басшылық еткен чех археологы л. иисль. бұл в.в. радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. оның бiрi күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.[1,13-б] күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таң бейнеленген. екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған. ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «үлкен жазу» /ктб/, ал 13 жол жазу кіші жазу /ктм/ деп аталады. [2, 450-458-б]    ескерткiш негiзiнен табғаш (қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. ескерткiш бетiндегi қытай жазуы 732 жылы қытай императоры хусен-цунг тарапынан бедерленген. мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «марқұм күлтегiн жазуы» делінген.  [3, 177-б]  күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым мырзатай жолдасбековтың аудармасында: «он оқүлым, түргiс қағанынан» мақраш таңбашы. оғуз бiлге таңбашы келдi; қырғыз қағанынан  тардуш ынаншы, чур келдi; мазар тұрғызуға,  зер салынған жазба тасты тұрғызуға табғаш қағанынан зергершiсi  чаң сеңун келдi. күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi.  тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк. мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын,  мешiн жылы жетiншi айдын жиырма жетiсiнде  тегiз аяқтадық.  күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi.» деп келтіреді. [4, 55-б]  қазақтың халық ақыны белгілі ғалым олжас сүлейменовтың көне мұра жөнiнiде 80 жылдары монголияға әдейілеп ұшып барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзiмен көргеннiн және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, монголияның мәдениет министрiне кiрiп ескерткiштердi ашық аспан астында қалдырмауды өтiнген. бұл өтiнiштi мәскеуге де, алматыға да жеткізгендігін айта келе «ендi мiне, сол арманымыз iске асып отыр. рухы өз елiмiзге оралды. шын мәнiнде ешбiр халықта жазу мәдениеттi қалыптаспаған кездiң өзiнде бiздiң өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен» -деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған еуропалықтардың пікірлерінің теріс екекдігін дәлелдеді. [5, 5-б]   

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Фонетический разбор слова - дәптер - кала
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Alekseevich_Viktorovna
alexeytikhonov
ver2bit29
olesya-kwas
info46
kush-2640
uglichwatch
Tatianamir765654
verachus
Тихонова
Lapushkin1988
oldprince840
egorova90356684858370
platan3698952
grishin