Мен еліміздің бас қаласы астанамызға барып келдім. оның барлық жері көздің жауын алады. әсіресе, думан, мега, ханшатыр, керуен және осыған ұқсас тағы басқа отбасыларға арналған ойын-сауық орталықтарын айтып өте аламын. себебі, бұл ғимараттардың салынуы ерекше болып келеді. ал бәйтерек астанамыздың, жалпы қазақстанымыздың басты символы болып табылады. оның көріктілігі керемет екенін түсіндім. астана қаласының көбісі таза қазақ тілінде сөйлейді екен. қарсы алуы да ерекше. астанада көптеген ұлттар жүреді. олар да мен сияқты астананың тазалығына тәнті болды деп ойлаймын. менің бұл қызық та тамаша сапарым менің көңілімнен шықты
kolefe22171
14.12.2022
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. ол үшін өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. мамандық таңдау үшін ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. ең бастысы – еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған ғана жетістікке жетеді. еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Фонетика казахский язык - отбасы, татулық, тәрбие.