ответ: Менің туған жерім – Қазақстан. Бұл кең-байтақ жерде туғаныма мақтанамын. Қазақстан - мақтануға тұрарлы ел. Мен үшін ынтымағы жарасқан елдің бірі – Қазақстан. Осында неше түрлі ұлт өкілдері тұрады. Бәріміз тату –тәтті өмір сүреміз. Ынтымағымыз бірлікте жатыр. Мұның бәрі 20 жыл бұрын салынған Ассамблеяның да үлесі мол. Құқымызды қорғайтын заңымыз бар. Осы жылы Ата заңымызға 20 жыл толды. Сондай-ақ, Қазақ хандығының құрылғанына 550 –жыл толып өтті. Осы меретойларға қатысты көп іс-шаралар өткізілді. Меңінше, біз өз еліміздің патриоты болып қана қоймай, жеріміздің, еліміздің ынтымағын сақтауымыз керек. Кейбіреулер үшін менің бұл сөзім іште ешқандай із қалдырмаса да, мен елімнің болашағына сенемін.
Біздің мемлекетіміздің болашағы – жастар, халқымыздың ынтымағы солардың қолында. Отаның сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың міндеті.
Ата-бабаларымыз өз Отаның жан аялап қорғаған. Олар бізге сенім артады. Біз олардың сенімдерін ақтауға бар күшімізді салуымыз керек.
Тәуелсіздікті алғаңымызға 24 жыл толады. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын бәрі де – қымбат.
Мектеп оқушысы болсам да, Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп, 50 елдің қатарына қосылуына, мен де өз үлесімді қосқым келеді. Тәуелсіздікті алған елден күтеріміз аз емес. Қазақстанда тұратын адамдардың бәрін біріктірген – біздің еліміз, тіліміз. Оның дамуы қарқынды жүріп жатыр.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық Ассамблеясының мүшесі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Миуа , айаун, хайуан, хайуанат. осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра