Бүгін күн күрт суытып кеткендіктен анам жылы киінуімді сұрады. - сегодня резко похолодало, поэтому мама попросила меня одеться потеплее. бүгін атамның туған күні болғандықтан сабақтан соң үйге бармай, бірден атамның үйіне бардым. - сегодня день рождение дедушки, поэтому после уроков я не поехал домой, а пошел в дом дедушки. кеше сабақ кеш аяқталғандықтан мен жаттығуыма бара алмай қалдым. - вчера уроки закончились поздно, поэтому я не смог пойти на тренировки.
stolle16
01.01.2023
Мәңгілік ел" қақпасы – әлемдегі санаулы қалаларға тән ерекше сәулеттік-монументалды туынды. әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. астанадағы салтанат қақпасы да осы талаптарға толықтай жауап бере алады. бұл сәулет нысаны астананың сол жағалауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, есілдің сол жағалауындағы астананың жаңа әкімшілік орталығы, қайталанбас дара бейнесі бар толымды сәулет ансамблін түзбек: темірқазығы – елбасының ақ сарайы ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан бейбітшілік және келісім сарайына, «қазақ елі» монументіне, тәуелсіздік сарайына, шабыт сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-жасыл желек жолды көктей өтіп, көкке қарай бет алған алып ғимараттарға бағыт алып тұр. мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында елтаңба орналасқан. сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «мәңгілік ел» жазуы бар. ол – мемлекет пен ұлттың уақытқа тәуелсіз киелі қорғаны.
art-03857
01.01.2023
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. күннің сәулеленуі– жердегі энергия көзінің негізгі түрі. оның қуаттылығы күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. күн тұрақтысы – күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. шындығында, қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес. сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. әлем бойынша электр энергиясын ең көп өңдіретін елдерге ақш, қытай жатады. бұл елдерде электр энергиясының өндірісі әлемдік өндірістің 20%-ын құрайды. соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қң жетіспеушілігі және оның қ біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру желэнергетикалық құрылғыларды, күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Дайте 3 примера на себеп-салдар. что бы был перевод и казахский переводчиком ни пользоватся.