Менің ойымша тәуелсіздікпен тіл егіз ұғым.Мен ғана емес әр адам солай ойлайтын шығар. Менің тәуелсіздік пен тіл егіз ұғым дегеніме көп дәлел бар. Бірақ та ешкім "тілі жоқ ел, тірі ел емес" деген мақалға қарсы шыға алмайды.
Өйткені тіл-мемлекеттің тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Қай халықты болмасын, басқалар оны тілі арқылы таниды. Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Гимні, шекарасы болатыны секілді, өз мемлекеттік тілі болады. Бірақ, қазақ тілі – тек қазақ халқының ғана тілі емес, мелекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.
Объяснение:
саяхат және туризм
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұрсұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең-жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың Ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынындаконьки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі Нұрсұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.
Келешекте "Туризм" мамандығын меңгеріп, тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мурнын кокке котеру деген создин магынасы