Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.
Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.
Объяснение:
А ң анаға деген жүрек сөзін бейнелейтін бір ән жуықта дүниеге келгенін жұрт толық біле бермесе керек. Ол қуаныш іляс ұлы сөзін, айнұр үрістем қызы әуенін жазған, кәбира үрістем қызы шырқаған «Анаға сағыныш» атты жаңа ән. Я, аяулы ана, ардақты есім, күллі ғалам осы бір ғана сөзге сыйып тұрғандай, бұл ғаламда ананы жырламаған ақын, ана жайында ән шығармаған сазгер жоқ шығар-ау! дүниедегі сағыншытың ең бигі, асқағы анаға сағыныш болар, сол сан мың жүректің сағынышын бір жүрекке сиғызып, жеткізу екінің бірінің қолынан келе бермейтін дарын болса керек. Аңғарлы оймен ән әлеміне көз салсақ, ана жайында шырқалған талай әнге куә екенбіз. Нұрғиса тіленді мен қадыр мырза-ٴалының «Асыл әже», марат Омаровтың «Анашым», Құмарбек сахарин мен елмүрәт тұяқ ұлының «Сағындым анамды», абдыманап әбеу ұлы мен иманалы төлеубай ұлының «Аяулы ана», Алмасбек шаймұран ұлының «Анашым», жігер хакім ұлы мен қадыл Ахымет ұлының «Анам менің ауылда» қатарлыӘндер өте сәтті шыққан, өз дәуірінде талай сағыныштың сарығын басқан, бүгінгі күндері халық әніне айналып кеткен бегзәт әуендер. Жоғардағы әндеріміз ана сынды ардақты обыразды әр қырынан суреттеп, жұрт жүрегінен орын алған, айта берсек жалпы адамзаттың ортақ әні боп шырқалған мәңгілік ән. Көркөмөнер жалпының дүниесі, ол бір жүректен туғанымен жалпының жүрек сөзін айта алатын болу керек. Ал тілімізге тыйек болып отырған «Анаға сағыныш» әні богенайы бөлек, халықтық әрі заманалық бояуы бар ән. Ол сан жүректің сағынышын бір арнаға тоғыстырған, ана мен бала ортасындағы терең сүйіспеншілікті тамаша сезіммен жеткізген тұғыры биік, тұлғасы бөлек ән.
Келу қайнары:The 6alash.kz webpage. Address:https://www.6alash.kz/kz/article/alti-qirdan-asip-jetken-anaga-saginish.html#gsc.tab=0
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жынды созинин эвфемизммен ауыстыру керек