Абай құнанбаев "күз" сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, жастар күлмес, жүгірмес шулай. қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, жапырағынан айрылған ағаш, қурай. біреу малма сапсиды, салып иін, салбыраңқы тартыпты жыртық киім. енесіне иіртіп шуда жібін, жас қатындар жыртылған жамайды үйін. қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен. қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен. кемпір-шал құржаң қағып, бүрсең, көңілсіз қара суық қырда жүрсең. кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең. күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы, тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. от жақпаған үйінің сұры қашып, ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
kgrechin
10.04.2023
Ата- ұлан-ғайыр қазақ жерін найзаның ұшымен,білектің күшімен сыртқы жаулардан қорғап келді.ақтабан шұбырындыдан бастап,ел басына қаншама қатер төнді,небәр сұрапыл оқиғалар да өтті.ресейдің өгей отары да болдық.еліміз ұлт-азаттық көтерілістің талайын бастан кешірді.отан деген сөз - баршамыз үшін қастерлі де,қасиетті сөз.оның түпкі мәнінде туған халқымыздың тарихи кезеңдері,ел,мемлекет болу белестері.осы жолда курескен ата-ң ерліктері мен қаһармандық жолдары жатыр.қазақ деген батыр халық. ол еңкейгенге еңкейеді,шалқайғанға шалқаяды.шіріне қалса,асқар-асқар тауларына сүйенеді,еңкейе қалса, иен елін көреді,қаз-қатар тұра қалса,дауласа қалса.азаматтығына,өзінің парасаттылығына сенеді.сөйлесе қазыбек данадай шешендігі бар,төле бидей көсемдігі бар,айтыса қалса,дауласа қалса бөгенбайдай ерлігі бар,бауыржандай ерлігі бар,қабанбайдай ірілігі бар,қолынан қиыстырып жол табар абылайдай тірлігі бар ел. өркениетке ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаган арманы - тәуелсіздікке қол жеткізді.халқымыздың даламыз қандай болса, жүрегі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай. жүрегінің байлығы – сәбидің тазалығы, оның ешкімге жамандығының жоқтығы, бейбіт момындығы. «отан – оттан да ыстық» деген рас екен-ау! осы отан үшін талай боздақтар қалмақтармен шайқаста, одан кейін революция кезінде, 1941-1945 жылғы неміс фашистерімен шайқаста құрбан болды. сол батырдың ұрпақтары қарусыз екеніне қарамастан, 1986 жылдың желтоқсанында тағы да отан үшін өздерін құрбан етті. еркіндік үшін, артында қалған ұрпақтың ертеңі үшін намысты ұлдар мен қыздар жалаңаш кеудесін отқа тосты. міне, сол рух бізді тәуелсіздікке алып келді. қалмады жалын жастық басқа амалы. шайқады империя тас қамалы, қазақтың тәуелсіздік алған күні, ызғарлы желтоқсаннан басталады. сонымен еліміз тәуелсіздік алды. ол – тәуелсіздік дәуірі. тәуелсіздік ұлттың санасын оятты, баршаны ата-баба жолына үңілдірді. ол «отан», «бостандық», «тәуелсіздік», «егемендік», «ұлтжандық» деген сияқты ұғымдарды тәуелсіздік биігінен қарауды түсіндірді. тәуелсіздік жолы – ар-намыс жолы. ғасырлар бойы ата-баба аңсаған тәуелсіздік. одақ – империя құлап, қолымызға тиді. бұл ғасырларда бір ғана болатын мүмкіндік. біз – тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімді, татулықты, халықаралық бейбітшілікті күтеміз. біз бүгін xxi ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. бұл ғасырды қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына сенемін. «қазақстан - 2050» - мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. қазақстан республикасының президенті нұрсұлтан әбішұлы назарбаев «қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты қазақстан халқына жолдауын жария етті. президент жолдауы қазақстан халқы үшін үлкен мағызға ие болды. қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірбиесінен, тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді. бұл мақсат – бұл «мәңгілік елді» нығайту, біздің отанымыз – қазақстанның тәуелсіздігін нығайту! бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! бір болашақ – бұл мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – қазақстан республикасының өркендеуі. қазақстан халқы ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. «мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. біз бұның елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз.
kireevatatiana
10.04.2023
Қазіргі уақытта жапондық тағамдардың танымалдылығы күн сайын өсіп келеді. дәстүрлі жапондық тағамда әдетте мынандай ингредиенттер қолданылады: күріш ,теңіз өнімдері, соя, үрме бұршақ, кеспе, ет. танымал жапондық тағамдардың бірі - бұл онигири. оларды жабысқақ күріштен және тунецтен дайындайды. онигири кейде дөңгелек, үшбұрышты және басқа да формаларда келеді.жұмысқа немесе мектепке жапондықтар өздерімен бэнто алады. дәстүрлі бэнто қамтиды күріш ,қ немесе ет. негізінен жапонияда таяқшалармен пайдаланып тамақтанады.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Люди напишите стих по казахский про осень и чтоб было 8 строк зарание