Әбу наср әл-фараби, әбу наср мұхаммад ибн тархан ибн узлағ әл-фараби – қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, , астролог, музыка теоретигі. ол 870 ж. отырарда әскербасының отбасында дүниеге келген. отырар, самарқан, бұхара, кейіннен мысыр, халеб (алеппо), бағдад шаһарларында білім алған. әбу наср әл-фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, «әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. өздігінен көп оқып, 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. алғашқы кезде әбу наср әл-фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қ оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. ғалым философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалық күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. әбу наср әл-фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. әбу наср әл-фараби мұраларының қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарында ғана қолға алынды. оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары ақжан әл-машани (машанов) мен қаныш сәтбаев еді. әбу наср әл-фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған юнеско шешімі бойынша 1975 жылы алматыда халықаралық конференция өткізілді. әл-фараби өмірінің соңғы жылдарын шамның халаб қаласында өткізді. әбу насыр әл-фараби 950жылы қайтыс болған. «фараби қазасы туралы екі дерек бар, — дейді м. хайруллаев, — біріншісінде ғалымдар оны шамда қайтыс болған десе, екіншісінде әбу насыр қасына бірнеше ертіп, асқалан қаласына бара жатқада жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан.сайф ад-даула қарақшыларды тауып, дарға асқан »
Anna Artem
20.07.2022
Алтыншы сыныпта, маған "әдебиет" пәнінің мұғалімі "махаббат қызық мол жылдар" кітабын оқуға кеңес айтты. мен болсам, бұл кітапты жақын кітапханадан жалға алып, лезде оқи бастадым. бұл кітаптың авторы әзілхан нұршайықов, еліміздің танымал жазушысы. негізгі ой мен идеяға келетін болсақ - соғыс кезеңі, махаббат, педагогикалық институт қабырғалары және соңғы үміт сынды тіркестер менің көзіме елестейді. ол кезде кішкентай болдым ба, меңтай мен ерболдың қарым-қатынасын сезімдерін толықтай түсіне алмадым. неге ербол тезірек ұсыныс жасамады, неге меңтай басқа ға күйеуге шыққаны миыма кіріп-шықпаған еді. жиырма бірінші ғасырдың азаматы болған соң ба, білмеймі өзім меңтай мен ерболдың орнында болсам, мүлде басқа әрекет жасаушы едім. сөйтіп, мектеп бітірген шағымда, бұл кітапты оқуға екінші рет бел будым. енді махаббаттың куәгері болған соң, хикая мүлде басқаша әсер қалдырды. бұл кітапты бүкіл отбасымызбен қосылып оқып, бірге талқыға салатынбыз. сол себепті, сіздердің барлықтарыңызға "махаббат қызық мол жылдар" шығармасын оқуға кеңес беремін.