Құсжолы галактикасын жерде айсыз қараңғы түнде жұлдызды аспанды бақылақағанда енді қылаң жолақ- Құсжолы жақсы көрінеді. Бұл Құсжолы деген ат ежелгі грек аңызнамасынан алынған. Ол аңыздың бірінде бас құдай Зевс ашу үстінде жұбайы Гера емізіп жатқан нәрестені жұлып алғанда, оның омырауынан аққан сүт аспанға шашыраған екен дейді. Құсжолының ақ жолағы төгілген сүтті еске түсіреді.
1609 жылдың аяғында Г.Галилей Құсжолын телескоппен бақылай жүріп, оның быжынаған өте көмескі жұлдыздардан тұратынын анықтады. Оның жұлдыздық құрылымы тіпті кәдімгі призмалы дүрбі арқылы да жақсы көрінеді.
Құсжолы жұлдыз сақинасы болып,аспан экваторына 63 градусқа жуық бұрышпен көлбей, аспан жарты шарларын орап жатыр. Көптеген астраномдардың бәрінен де бұрын В.Гершель,оның ұлы Дж.Гершель мен В.Я.Струвенің еңбектерінде анықталғандай екі жарты шардың барлық жұлдыздарының галактика деп аталатын үлкен жұлдызды жүйе құрайды. Оның жұлдыздарының басым көпшілігі Құсжолына шоғырланған.Біздің Күніміз де оның төңірегінде айналатын денелер мен бірге галактика құрамына енеді.
Синтаксистік байланыс — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:
Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.
Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.
Синтаксистік емес категориялар — жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс.
Синтаксистік категориялар — сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс.
Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты.
Синтаксистік құрылым — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді.
Синтаксистік мағына — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық (баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді.
Синтаксистік талдау — сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау.
Тағы қараныз:
Дереккөздер
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Скажите короткую загадку на казахском языке