2) сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.
3)сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?
4) өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.
5) жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі.
6) белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.
7) болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить диалог в столовой на казахском