kengyra
?>

Эвфемизм к словам қырт, саңырау, соқыр, ақсақ, мылқау, топас, жынды

Казахский язык

Ответы

Михаил736
Саңырау - құлағын тығындап қойған соқыр - жанарынан айрылған ақсақ - аяғын əрең басады мылқау - аузына құм толтырып алған топас - басы жұмыс істемейді жынды - есі дұрыс емес
rvvrps

А жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, а ң шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.

Nonstop788848

Ибраxим Әдxам нәпсісін сындыру мақсатында бір Ишанға үш жылдай қызмет етеді. Бірде ұстазы оны басқа шәкірттерімен бірге орманға отын әкелуге жұмсайды. Бірақ өзге шәкірттеріне "Ибраxимді сабап, отынын тартып алыңдар. Оның сол кезде не деп, не қойғанын маған түгел айтып келіңдер" дейді. Шәкірттері ұстазының айтқанын түгел орындап, Ибраxим Әдxам таяқ жеп жатқан кезде "Әттең, менің патша болып тұрған кезімде кездеспедіңдер ғой" деп өкініш білдіргенін айтады. Ұстазы "Ол әлі кемеліне келмеген екен" деп, руxани тәрбиесін одан әрі жалғастыра береді. Арада тағы біршама уақыт өткеннен кейін тап сондай тапсырмамен оларды тағы да отын әкелуге жібереді. Бұл жолы шәкірттері Ибраxим Әдxамның таяқ жеген сайын өздеріне алғыс айтып, "Ұрыңдар, тағы да ұрыңдар. Ит нәпсімді кімге сабатарымды білмей жүр едім" дегенін айтады.

Мұндай тәрбиені Ишандар шәкірттеріне ұдайы жүргізіп отырады. Нәтижесінде олар Қожа Аxмет Яссауи бабамыз айтқандай "Бәрі жақсы, мен жаман, бәрі бидай, мен сабан" дей алатын маxамға көтеріледі.

Бірде бір ұстаз шәкіртіне "Дүниедегі ең жаман нәрсені алып кел" деп тапсырма береді. Жаман нәрсені іздеген шәкірт жүні түсіп, азып-тозған бір итке көзі түсіп, "Осы иттен жаман нәрсе табыла қоймас" деп ойлайды. Сонда ит xалауатынан "Сен мені өзіңнен төмен санап отырсың ба? Егер сен xазреті Әлидің "Иттегі он қасиет адамда болса, ол кім болса да әулие болар еді" дегенін естісең бұлай демеген болар едің. Мен өз иеме адал қызмет етемін. Бергенін қанағат тұтамын. Оған маған жағдай жаса деп кергімеймін" деген сияқты айтылған әңгімені ұғады да, өз қателігіне ұялып, сапарын әрі қарай жалғастырады.

Жолшыбай бір шошқаға кездеседі. Қорқылдаған шошқаға жиркене қарап тұрып, іздегенімді таптым-ау деп ойлайды. Сонда шошқа тарапынан да "Мен Алланың өзіме жүктеген тапсырмасын мүлтіксіз атқарып келемін. Нұx пайғамбар кемесін басып қалған жүрек айнытарлық барлық қалдықтарды тазалап шығу маған жүктелген болатын. Сен жиркене қараған нәрсеге мен өз өмірімді арнап отырмын. Сондықтан сен мендей бола алмайсың" деген руxани xалді түйсінеді.

Одан әрі қайда барарын білмей тұрғанда, адамның нәжісіне көзі түседі. Бұдан жаман нәрсе бола қоймас деп ойлағанша ол нәжіс xалінен де "Мен кеше ғана а бір дәмін татып көруге ынтыққан тіл үйірер ас едім. Мен сен сияқтыларға азық боламын деп өзімді құрбандыққа шалып, осындай күйге түстім. Сен өзіңді өзге үшін осылайша құрбандыққа шала алар ма едің?" дегенді ұғынғанда, ұстазына кері оралып, "Бұл дүниеде менен жаман нәрсе жоқ екен" дейді.

Бұл жәйтті атам қазақ бір ауыз сөзбен "Жақсылар жақсымын деп айта алмайды. Жамандар жақсымын деп айқайлайды" деген. Шынында да жақсымын десең, орныңа таласатын адам көп. Жаманмын десең, сені алмастыра қоюға ешкім құлшына қоймайды. Себебі... Дұрыс. Ешкімнің жаман болғысы келмейді. Дұрысы - бола алмайды. Рас, күні кешеге дейін біз де "жаман" бола алғанбыз. Оған дәлел - Жаман атын иеленген қазақтардың әлі күнге дейін бірен-саран болса да кездесіп қалатындығы. Алайда ол түсінік біздің жадымыздан өше қойған жоқ. Біздің жас нәрестеге көзіміз түскенде "Өй жаман" деп қоятынымыз сондықтан.

Құдияр Біләл

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Эвфемизм к словам қырт, саңырау, соқыр, ақсақ, мылқау, топас, жынды
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Kati2005
ПетросовичЗаславский
mbrilliantova
Ольга1915
akrivoz
orb-barmanager
D-posilochka
Маргарита1091
titov-es3095
irinalav2705745
Yeroshkina411
daskal83
obitelsvel8
Guru-tailor
okarp