қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы.
***
алтын ұяң - отан қымбат, құт береке – атаң қымбат, асқар тауың - әкең қымбат, мейірімді – анаң қымбат, туып өскен елің қымбат.
***
асқар тау сенде бір мін бар- асу бермейсің; тасқын су, сенде бір мін бар- өткел бермейсің;
билер, сендерде бір мін бар- басқаға сөз бермейсің!
***
ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.
***
жігіттің жақсысы: дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген.
***
екі керіссе, оның, арты – қызыл шоқ. .
біз - үш жүз көріспейік, келісейік. ал керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей – .
–хандық түгіл ондық та жоқ. мен - 29 рудан құралған кіші жүзбін, әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін! керісер болсаң, осы үшеуі маған - жайсыз, сендерге –?
***
ашу бар жерде ақыл тұрмайды. ашу деген - ағын су, алдын ашсаң, арқырар. ақыл деген - дария, алдын тоссаң, тоқырар. кісі бірге туыспау керек, туысқан соң сөз қуыспау керек. сөз қуған пәлеге жолығады. жол қуған олжаға жолығады.
***
бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе, жұрттан алабөтен үйің күйсін!
***
ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай; қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай; тындырымды інісі болса; қанат-құйрығы сай болып, көңілі жай болып, ағаның алар тынысы болса; інінің міндеті - басқару, ағаның реті - бас бағу емес пе?
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нан туралы қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?