ответ:Мақалада көркем шығарманың барлық деңгейлерін ұйымдастыратын композициялық тәсілдер мен композициялық құрылым мәселесі қарастырылады. Композицияның екі функциясы: оның көркем пішіннің құрылымы ретінде мәтіндегі элементтерін, құрамдас бөліктерін белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі ұйымдастыруы және сол образдарды орналастыру арқылы белгілі бір көркемдік мағына жүктеуі әдеби туындыларды талдау барысында мысалдармен дәлелденеді. Көркем шығарма құрылымын талдауда оның алуан түрлі қырларын: суреттелетін оқиғалардың орналасуын (сюжет композициясын), кейіпкерлер жүйесі мен олардың арақатынасын, заттық-психологиялық болмысты беру, бейнелеу ерекшеліктерін (портрет, пейзаж, ішкі көрініс, диалог, монолог), баяндау тәсілдерінің динамикасын, тілдік бірліктердің сабақтастығын назардан тыс қалдырмау қажеттілігі негізделеді. Сонымен қатар мақалада композициялық тәсілдер: қайталау, күшейту, қарама-қарсы қою, монтаж, т.б. мәселелер көркем туынды негізінде айқындалады.
Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы. Әдеби туындыларға қатысты "композиция" ұғымының түрлі деңгейдегі синонимдері ретінде кейбір жағдайларда "архитектоника", "құрылым", "диспозиция" терминдері
де қатар жұмсалады. Ол шығарма мазмұнымен тікелей байланысты. Кемел композициясыз жақсы шығарма тууы мүмкін емес. Композиция – көркем шығарманың пішіндік құрылымын ғана реттеп қоймай, ішкі әлемін де үйлесімге келтіреді. "Нағыз кемел туындыда, дейді Л.Н. Толстой, бір өлеңді, бір көріністі, бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығарманың тұтастығына, бүтін бітіміне нұқсан келтірмей, өз орнынан басқа жерге ауыстыра алмайсыз" [1, 131]. Ойшылдың бұл пікірі, ең алдымен, шығарма композициясына, оның тұтастық сипатына қатысты.
Кең мағынасында композиция – көркем пішіннің құрылымы және оның ең бірінші қызметі бір бүтіннің барлық бөлшектерін біріктіру. Екінші қызметі – шығармадағы образдарды жүйе-жүйесімен орналастыра отырып, белгілі бір көркемдік мағына жүктеу.
Композицияны шартты түрде сыртқы және ішкі деп жіктеуге болады. Шығарма композициясын талдау барысында жиі кездесетін кемшілік студенттер көбінесе оның сыртқы құрылымына: томдарына, бөлімдеріне, тарауларына көп тоқталып жатады. Туындыны тарауларға бөлудің көмекші сипаты ғана бар, ол композициялық құрылымның ішкі қабаттарына бағынады.
Туынды құрылымын біртіндеп, сатылай талдаудың тиімді жолын Т.Есембеков ұсынады [2, 52]:
сыртқы композиция компоненттерін анықтау
сюжет пен фабуланың құрылымын талдау
идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін
образдар қатары мен құрамының жүйесін айқындау
уақыт пен кеңістік, мекеншақ композициясын көрсету
баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдастырылуы.
Шығарманың көркемдік пішіні жекеленген образдардан тұрады. Пішін арқылы бейнеленген мазмұнның сырын түсіну үшін образдардың шығармадағы орналасу реті мен олардың өзара байланысын міндетті түрде талдау қажет. Мысалы, М.Жұмабаевтың "Жатыр" өлеңінде бодандыққа түскен қазақ халқының мүшкіл халі ұқсас образдар арқылы бейнеленген: "сұр жылан қан-сөлін сорып жатыр", "кең жері құрып жатыр", "шәкірттер медреседе шіріп жатыр", "жемтікші құзғын болып кіріп жатыр", "қармаққа талай жасты іліп жатыр", "шешек жарған қазақ гүлі сарғайып, су тимей солып жатыр". Бұл образдар қатары соңғы шумақта қорытынды түйінге, ең жоғары нүктесіне жеткен:
Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр, Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр. Сезінбей өз өлгенін, өзінікін,
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Склонение по падежам слов: шол, киик, булан, кесиртке