Абай Құнанбайұлы қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Туған елінің мәңгі үлгі тұтар бірегей тұлғасы. Замана көшін алға сүйреп, өз дәуірінің тамырын басып қалам тербеген арда азаматы.
Абай халықтың жоғын жастанып, кемел жолға бастар жолды іздеді. Сол жолда аянбай тер төгіп, өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнеледі. Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.
... Бірде лекцияда апайымыз: Абайды оқытпау керек, оқу керек» - деп айтып қалды. Бұл бәрімізді ойландырды. Неге? – деп сұрадық. Ұстаз мүдірместен өзі айтқан сөзіне жауап қатты. «Абай шығармаларын көп адамдар түсіне бермейді. Түсіну қиын. Оқыған сайын жаңа қырынан тани түсесің. Ал ерте жаста, көбіне мектеп қабырғасында оқушылар ағартушының өлеңдерін түсінгенмен, қара сөздеріне терең бойлап мән бермейді. Мән бергенмен, жете түсіндіріп бере алмайды. Абайды оқу үшін де білім керек. Бойыңдағы білім жеткілікті болғанда Абайды міндетті түрде оқып, өзіңше танымыңды кеңейтесің. Сендердің нағыз сол шақтарың, ал оқушыларға ұлы тұлғаның қара сөздерін жіті талдау қиындау», - деп сөзін түйіндеді
Объяснение:
Думаю хот чем то
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достыққатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы досбола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Надо 5 пословиц на тему национальные блюда! !