АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алысымен Қазақстан әлемдік қауымдастыққа өзін танытуға белсене кірісті. Осы мақсатта еліміз халықаралық беделді ұйымдардың жұмысына араласа бастады. ҚР Президенті Н.Назарбаев түрлі халықаралық ұйымдар мінберлерін Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы саясатын, реформаларға негізделген ішкі саясатын насихаттау, таныстыру жолында пайдаланды. Қазақстанның халықаралық беделінің өсуіне оның әлемдегі 4 орын алатын ядролық қуатттан өз еркімен бас тартуы ықпал етті. Өзін ядролық қарусыз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан 1992 жылдың 22 мамырында Лиссабон шартына қол қойды. Елдің бейбітшілікті нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға бағытталған қадамдарын әлемдік басым державалар қызу қолдады. Пацифистік идеологияны ұстанған Қазақстан өз жерінде Кеңес Одағынан мұра болып қалған жаппай қыру қаруларынан 90 жылдардың ортасына дейін толық құтылды. Әлем халықтары Қазақстанның бейбітсүйгіш саясатының куәсі болды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Қазақстан жаһандық тұрақсыздық заманында өркениетті адамзаттың мүдделерін, мақсаттарын үйлестіретін ең беделді халықаралық ұйымның 168-ші мүшесі болды. Қазақстан БҰҰ мүшелігіне Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Молдова, Әзербайжан, Армения сияқты бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан мемлекеттермен қоса Сан-Марино Республикасымен бірге кірді. Осы толығудан кейін БҰҰ мүшелерінің саны 168-ден 176 мемлекетке дейін өсті. БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 46 сессиясында күн тәртібіндегі 20-пунктті қарап, аталған тоғыз мемлекетті өзіне мүше ретінде таныды. БҰҰ Бас Хатшысы шешім қабылдағаннан соң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеруді сұраймын» деген сөзінен кейін Тәуелсіз Қазақстанның Көк Туы БҰҰ ғимаратында желбіреді. 1992 жылдың 15 сәуірінде ҚР Президенті Жарлығымен ҚР БҰҰ жанындағы бірінші тұрақты өкілі болып қазақтың көрнекті дипломат қызы Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова тағайындалды. 1992 жылдың 5 маусымында ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі өзінің толыққанды қызметін бастап кетті. Осы жылдың 5 қазанында БҰҰ мінберінен ҚР Президенті тұңғыш рет сөз сөйледі. Қазақстан адамзаттың тағдырының ортақтастығын ұғынатын, демократия принциптерін ұстанатын мемлекеттер қатарына қосыламын деп жариялады. Ел өзі басшылыққа алатын Конституциясын, заңдары мен нормативтік актілерін түгелдей халықаралық құқық нормалары мен әлемдік гуманистік принциптер талаптарына сәйкестендіруге бетбұрыс жасады.
Жерұйық" фильмі – қазақ тарихындағы зобалаң заманның зарлы шындығын шебер көрсете білген фильм.Бұл фильм 2011 жылы жарық көрді.Әрине, ерекше атап өтуге болатын қазақ фильмдері аз емес.Дегенмен, орны бөлектері бір төбе.Мәселен, запыран кездің ащы бейнесін бере алған «Жерұйық» фильмі.
Бұл көркемфильм 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе ауылында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы десек те болады. Бірақ фильмнің сценарийін Лаврентий Сон мен Сламбек Тәуекел бірлесе отырып жазған екен.Фильм режиссері – Сламбек Тәуекел.Режиссерға фильм туралы идея Корей театрларының бірінде көрген қойылымнан келген екен.Аталмыш драмада корейлердің Қазақстанға депортациялануы көрсетілген еді.
"Ырыс алды – ынтымақ" демекші,Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері бар.Халқымыз қонақжайлылығын танытып,еліміз тату-тәтті өмір сурде.Ал фильмнің басты идеясы сол – Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын жеткізу.Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильмдегі басты рөлдерді Болат Әбділманов,Назгүл Қарабалина,Сергей Попов,Бағлан Әбдіраимов,Тамара Қосубаева,Алтынай Нөгербек,Меңтай Өтепбергенов,Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдаған. Басында фильм атауы "Атажұрт" болған екен.Кейін "Жерұйық" боп өзгертілген.Әлбетте,кәріс,неміс,түрік,шешен,күрд секілді ұлт өкілдері өз елдерінен жырақтап,қазақ жеріне келгенде жатсынады.Алайда қазақ халқы өзінің бауырмалдығын танытып,құшағын ашады.Бұл көріністі Н.Ә.Назарбаевтың өміріне негіздеп түсілген "Балалық шағымның аспаны" атты фильмнен де көреміз.Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған,ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырмай қоймайды.Оған қоса фильм көпшіліктен көңілінен шықты.Тіпті Оңтүстік Кореяда фильм кәріс тіліне аударылып,көрсетілім көрсетілген еді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить вопросы на казахском языке, вот такие: 1кто сидит за столом? 2какие напитки есть на дастархане? 3какие национальные блюда есть на дастархане? 4 какую форму имеют лепешки?