Ғылыми шара аясында журналистика факультетінде заманауи техникамен жабдықталған №208 «Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы салтанатты түрде ашылады. Зертханада алғаш рет «Qazaqstan» арнасы» журналистері, продюсерлері, репортерларының журналистика факультеті студенттеріне арналған «Тележурналистика негіздері» практикумы шеберлік-сыныптары өтеді. Ғылыми алқасөз жұмысына «Қазақстан» ұлттық арнасында әр жылдары қызмет еткен Сұлтан Оразалин, Ласкер Сейітов, Құсман Игісіновтер бастаған ардагерлер мен журналистер, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады. Конференция қонақтары мен қатысушылары «Қазақстан» ТРК тарихының фотокөрмесі мен «Qazaqstan» ұлттық арнасының тарихына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылады. «Qazaqstan» телеарнасының 60 жылдығына арналған «әл-Фараби» арнасында тележобаларын дайындаған факультет студенттері қатысқан байқау жеңімпаздарына шәкіртақы табысталады. Ақпарат: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы – республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы ірге көтерген телеарна еліміздегі ең ірі медиа құрылым. «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның құрамында бүгінгі таңда 3 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна, 4 радио және 36 интернет сайт кіреді. Телеарнаның техникалық әлеуеті республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр
https://mail.kz/kz/news/economic/qazaqstan-ulttyk-telearnasyna-zhyl#hcq=G0flHjs
Қазақстан» Ұлттық телеарнасы — «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. 1959 жылдың сәуіріне дейін қазақ телевизиясында 333 бағдарлама, 497 кинофильм мен киножурналдар дайындалды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ телевизиясы түрлі-түсті бейнеге көшті. Трансляцияның ұзақтығы - 7 сағат, қызметкерлер саны - 412-ге жетті. 11 бас редакция, 4 шығармашылық бірлестік жұмыс істеді. Ал 1994 жылы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите пож алматы-қазақстандағы сұлу, əсем кала. алматыда ұлттық ғылым академиясы, университеттер, институттар колледждер, гимназиялар, мектептер, қшалар театрлар, кинотеатрлар, филармония бар. қалада көп қабатты үйлер, мұражайлар, мəдениет сарайлары, əмбебап дүкендер көп. қаланың көшелері тұзу жəне кең. қөшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар троллейбумтар жүріп жатыр.