Алтын адам Алматы облысы,Есік қаласында табылған.Алтын адам табылған қорған бұл өңірдегі обалардың ішінде ұрлықшылардың тонауынан аман қалған жалғыз қорған. Сақ жауынгерінің денесі обаның негізгі бөлігінде жатқан жоқ. Бәлкім, оның сақталып қалуының сыры осында болар.
Қорғанда хан әулетінен шыққан әкесі мен баласы жерленген болуы да мүмкін. Табылған алтын адамның хан әулетінің ұлы екені белгілі.
Алтын адамның киіміндегі алтынның нақты салмағы белгісіз. Мектеп оқулықтарында киімнің салмағы жиі жазылғанымен, нақты алтынның салмағы аталмайды.
Алтын адам киіміндегі жапсырмалар таза алтыннан жасалмаған. Олардың негізі ағаштан жасалып, сыртын алтын жұқалтырмен қапаған. Дәл осы себепті, алтынның нақты салмағы әлі күнге белгісіз болып отыр.
Есік қорғанынан табылған алтын адамның жасы 16-да болса, оның бойы 165 сантиметр болған.
80 сантиметрлік бас киімде дүниенің төрт бұрышын және билікті білдіретін 4 жебе бар. Осы белгісіне қарай Алтын адам хан әулетіне жатқан деп топшыланады.
Сонымен қатар, обадан 2 алтын жүзік табылған. Біреуінің беті тегіс болса, екіншісінде жалы не қауырсыны бар адам бейнеленген.
Алтын адамның бас сүйегі сынған. Сақ жауынгері жерленген камера төбесі тянь-шань шыршасының бөренелерімен жабылған. Уақыт өте келе бөренелердің біреуі шіріп, сақ жауынгерінің бас сүйегіне құлаған. Ал жауынгер арқасынан қылыштың жүзімен соққаннан мерт болған.
Алтын адамның киімі қызыл күдеріден тігілген. Археологтар қорғанды тапқан уақытта, тек алтын сауыт, әшекей-бұйымдар мен ыдыстар сақталып қалған. Алайда, Бекен ата обадан қызыл күдерінің қиындысын тауып алған. Сол арқылы алтын адамның киімі қалпына келтірілді. Сақтардың ұғымында қызыл түс қан түсін білдірген.
Алтын қалған жарқыраған» деп Мұқағали ақын жырға қосқан Алтын адам туралы айтылған ақиқат та, аңыз да көп. Сонау 1970 жылдары тек Қазақстан үшін емес, төрткүл әлем үшін үлкен жаңалық болған Алтын адамның жұмбағы күні бүгінге дейін толық шешілмей келеді. Тарихшы ғалымдар, антропологтар мен археологтар Алтын адамды жан-жақты зерттеп жатқанымен, әлі де көпшіліктің көкейінде сұрақ жетерлік. «Алтын адам кім еді, қыз ба, жігіт пе, жауынгер ме, ханзада ма, сақ тайпасынан ба, үйсіннен бе, қазір оның сүйегі қайда?» осы сияқты сұрақтарға қатысты дау көп. «Алаш айнасы» осы Алтын адам төңірегіндегі сұрақтарға жауап іздеп көрген еді?
Алтын адам қашан, қайдан табылды?
Алтын адам 1967-69 жылдары археолог-ғалым Кемал Ақышев басқарған экспедиция жұмысының нәтижесінде Алматы маңындағы Есік қорғанынан табылғаны белгілі. Бұл нақты тарихи дерек. Алайда кейбір ғалымдарымыз Алтын адамды Есік қорғанының маңында ойнап жүрген балалар тауып алған деседі, кейбіреулер бұл тарихи құнды жәдігерді ұлты башқұрт қарапайым жүргізуші тауып алған деген деректерді де келтіреді. Дегенмен Есік қорғанынан табылған Алтын адамды өз қолымен аршып алған экспедиция мүшесі археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұхамбетұлы ба з беттеріне берген сұқбаттарында обаның қалай табылғанын, экспедиция жұмысының қалай жүргенін бүге-шүгесіне дейін айтып жүр.
Бекмұханбет НҰРМҰХАМБЕТҰЛЫ, археолог-ғалым:
– Кеңес одағы кезінде кез келген құрылыс нысанын жүргізбес бұрын, ол жерге археологиялық барлау жасалатын. 1963 жылы Есік көлі тасып, маңындағы ауылды шайып кеткен кезде сол жердегі автобекет те тасқын астында қалған екен. Осы автобекетті қайта салу үшін құрылыс орнына барлау жасалды. Сол жерде 4-5 оба бар екен. Көп ұзамай 1969 жылы Кемал Ақышевтің тапсырмасымен Айтбек Амандықов екеуміз зерттеу жұмыстарын бастадық. Алғашында қорғанның тұтас аумағын қоршап, тең жартысын қаздық, онымыздан түк шықпады. Бір жылдан кейін қазба жұмыстарын қайта жалғастырдық. Айлар бойы айтарлықтай ештеңе таппағанымызға қынжылдым. Бірақ түйсігімнің түбінде бір ой мені осы жерден жібермей тұрғандай сезімде болдым. Әбден кетуге айналғанымызда бульдозермен тағы бір түрткіздік. Осы заматта бульдозердің тұмсығы бөренеге тірелді. Бұл оба екі құдықтан сәл қиыс шетте, үлкен қорғанның бір жақ жанында жатыр екен. Ары қарай күрекпен арши бастадық. Алдымен ағашпен қапталған обаның сыртын түгел тазаладық, кейін бөренелердің төбесін аштық. Обаны жасағанда бөренелерді жымдастырып, қиюластырып бекіткен екен. Биіктігі 1,5 метр. Алдымен сол ағашпен қапталған табытты тазалап шықтық. Обаны ашпас бұрын мән-жайды Кемал Ақышевке айтып, ол кісі бастаған археологиялық топ жұмысты ары қарай жалғасытрды. Топ құрамында археолог Александр Степанович, ең алғашқы көшірмесін жасаған реставраторлар, Владимир Садамсков, фотограф Олег Медведов, суретші Тамара Воробьева мен ҚазҰУ студенті Әлішер Ақышев болған еді . Содан кейінгі жұмысты Кемал Ақышев қолына алды. Ол Шығыс Германиядан Есік қорғаны жа
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Уш-уштен, бес*бестен, он*оннан, алты-алтыдан деген создерге сойлем курауга комектесиниздерши