александр сергеевич пушкин (6 маусым 1799, мәскеу, ресей — 10 ақпан 1837, санкт-петербург, ресей) — ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.
өмірдерек[өңдеу]александр сергеевич пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, ілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша , өркендетуіне мүмкіндік берді. александр сергеевич пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.
александр сергеевич пушкин 1799 жылы 6 маусымда мәскеуде дүниеге келген. ол дворян отбасында туылып, қ шағын мәскеуде өткізген.
12 жасынан царское селода (қазіргі пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. лицейді аяқтаған соң петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.
жас пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз. жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден безінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - осының бәрі оның поэзиясынан бірдей-ақ жарқын көрініс берді. ақынның ой-сезімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы отан соғысы болатын. ол пушкиннің санасында мәңгі өшпес із қалдырды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қәп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, кәшіріп жазыңдар; қәп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, кәшіріп жазыңдар менің т уған қазақстан.қазақстан-кәп ұлтты республика. қазақ астанасы-жана қала астана.қазақ тұңғыш ұрсұлтан әбішұлы назарбаев.