Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774 - 1860) — қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Мазмұны
1 Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес
2 Патша өкіметіне қарсы көтеріліс
3 Тағы қараңыз
4 Сыртқы сілтемелер
5 Дереккөздер
Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1]
Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды.
Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.
1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргені үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады.
Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты. Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.
1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері олармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение на тему "казакстан привольный край" ("қазақстан байтақ өлке")
біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған елбасымыз - нұрсұлтан әбішұлы назарбаевтай «бақ атамыз» барда біз бақыттымыз, қазақстандықтар тату-тәтті өмір сүреді.тәуелсіздіктің бет бұрған жолында еліміздің ұлттық рухани асыл қазынасы, , саясаты, мәдениеті , гүлденуде, біз санаулы жылда айтқысыз, айтса сенбейтін жетістіктерге жетіп отырмыз. ең бастысы – тіліміз мемлекеттік мәртебесін алып, ата-бабамыздың рухы бір серпіліп қалды, қасиетті аманатты уыстан шығарып алмай, дер кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік.елбасымыз нұрсұлтан әбішұлы назарбаевтың халыққа арналған жолдаулары, еліміздің өркендеу мақсатында қалыптасқан аталмыш «заңдар» - халықтың тұрмыс-тіршілігін, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.
көгілдір аспан. күн шайдай ашық. зәулім көкте қыран құс қанатын тіке кең жайып, еш уйамсыз қалыптап ұшып жүр. еліміз – тыныш, халқымыз – бақытты. басқа кейбір елдердегідей лаңкестік әрекеттердің біздің жерімізден мүлде алшақ болуын біз, келер ұрпақ, халық, баршамыз жаппай – тұрмай тілейміз. бұл – қазақстанымның болашақ белестері деп түсінемін.мен қазақстанымды заңғар көкке теңеймін. ал, президентіміз нұрсұлтан әбішұлы назарбаевты аспан әлемімен халыққа нұрын сеуіп тұрған күннің көзіне теңеймін: «жүзі үнемі шырайлы, жылу береді, ең бастысы – мәңгілік». елбасы нұрсұлтан әбішұлы назарбаев халыққа арнаған жолдауындарындағы қасиетті, киелі ойлар республикамыздың түкпір-түкпірінде іске асырылып, жандануда. біз бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, татулықтың арқасында ғана – бақыттымыз. «бірлік болмай, тірлік болмас», -деген даналықтың түп қазығы осында. біздің облысымызда да елеулі өзгерстер болып, «еңбек майданы» қызу қарқынмен әр сала бойынша ерекше .
асығып алыс күндерге,
бір белден асып, бір белге,
адасып қалмай бір жерде,
айсыз қара түндерде,
отаныңды – іргеңде
не жетсін өмір сүргенде! – деп ақиық ақынымыз мұқағали мақатаев жырлағандай, мен шетсіз де шексіз, бай, рухани құндылықты нәр тұтқан, киелі, қайсар, қасиетті жерім үшін, ерен елім үшін қызмет етуге бүгінгі күні-ақ дайынмын.тарыдай болып кірген алтын ұя-мектебімнен таудай болып шығатын сәт жақындаған сайын алдыма қойған мақсат-міндеттерім айқындала түсуде. қазақ атты елім барда, нұр ағадай елбасым барда мен жаңа өмір есігін сеніммен ашамын, алғашқы қ нық басамын. елбасы нұрсұлтан әбішұлы назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымых таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық сласы нығайып келеді. сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.