Татьяна Марина1287
?>

Надо сочинение на тему "менің президентім" примерно 15-20 предложений.

Казахский язык

Ответы

Alekseevna1064

қазақстан магниткасында нұр­сұлтан назарбаев ерекше тұлға еді. ол ақылды, сындарлы, шы­ны­қ­қан, өз жолы мен өз қадірін білетін жас еді. ол металлургтер ішінде де ерекшеленіп те тұра­тын. ол менен бұрын комсомол белсендісі болды, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысты. ол туралы газеттер жиі жаза бас­тады, қазақстан комсомолының х съезіне, блкжо-ның хvі съезіне қатысты, бүкілдүниежүзілік ііі жас­тар фестиваліне делегат болды.

бүгін толық сеніммен мынаны айтуға болады: кеңес кезінде жұмысшы мамандығы ң өсуіне, ең бастысы – жастардың өз қабілеті мен талантын көр­се­туге жақсы мүмкіндіктер берді. бұған бүгіндер қазақстанның даңқ­­ты айналған көп­­теген бұрынғы жұмысшылардың өмір­ба­яндары дәлел бола алады. нұр­сұлтан назарбаев басшылық ла­уа­зымға қызықпағанын кейін талай айтса да, бірақ ол дүр­мектің ортасында қала алмас еді, өйткені оның лидерлік қасиеті үнемі алға бастайтын. белсенді еңбек , жастар жетекшісіне теміртау қа­лалық комсомол комитетін басқа­ру ұсынылды. өз тә­жірибемнен білемін, мұндай ұсыныстардан дені сау бас тартпаса керек-ті. бірақ нұрсұл­тан назарбаев бас тартты. мұ­ны­сын ол мұндай жұмысқа психо­логиялық жағынан дайын емеспін деп түсіндірді. оны бюроға шақыртты, әдеттегі­дей қысымға алды, жаза да қол­данды, бірақ көндіре алмады. дәл осы тұста назарбаев – тұлғаның бар бол­мысы менмұндалады. ол блкжо орталық комитетінің бірінші хатшысы с.п.павловқа дейін жетіп, өз тарихын баяндады. об­лыстық партия комитетінің бю­росы қалалық партия коми­те­ті­нің назарбаевқа жаза беру жө­ніндегі шешімінің күшін жойды, ал бірінші хатшы катковқа қатаң пар­тиялық жаза қолданылды. бі­рақ кейін назарбаев теміртау қа­лалық комсомол комитетін бас­қар­ды да. өйткені, партиялық функ­ционерлер оның лидерлік қа­сиетін, жұмыс істеу қабілетін, алғырлығын көріп-біл­ген еді. бүгіндері бізге күнделікті өмірде осындай қасиеттер жетіспей жататыны өкінішті-ақ!

ziyaevak

Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын әрине табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек. Атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:

Бурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын өзі батырдың тірі кезінде елден абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты дауысымен: « Уа, Тәңірім! Мен жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен.

Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.

ramco1972

Ақ сүйек — ұлттық ойын.

Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдалынып алынады. Ойын жүргізу үшін ірі қараның, жылқының, түйенің, кепкен жілік сүйегі керек.

Ойынға қатынасушылар екі топңа бөлінеді. Әр топ өзіне бастық сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді.

Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың бастығы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.

Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады. Ойын жастарды қараңғыда бағдарды, мөлшерді айыра білуге, тез, жылдам жүгіруге үйретеді

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Надо сочинение на тему "менің президентім" примерно 15-20 предложений.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

shalunovroman
elmiro4ka868617
chapaevval
zotcet7
Kochinev7
modos201276
anna241273
bellatrixstudio
gub191025
Александрович686
EkaterinaSEMENOV702
tyrenumberone
svetlanadianowa
bike-garage8
alenkadon6