Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады.
Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.
Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдала
Объяснение:
Менің ойымша уақытты тиімді пайдалану үшін осының барлығын орындау қажет. Яғни:
1. Өзініз ұнататын іспен айналысыңыз. Өміріміздегі жетістіктердің жартысынан астамы сүйікті істерімізбен айналысудың арқасында. Қызығушылықтарына (хобби) аз уақыт бөліп, жұмыстарына үнемі шағымданып жататын адамдар аз емес. Сондықтан, сіздің табыс көзініңіз бен сүйікті ісіңіздің арасында байланыс болғаны дұрыс.
2. Жоспарыңыздың орындалуын тездететін істермен ғана айналысыңыз. Күнделікті жұмыстардың ішінен пайдасыз істерді алып тастаңыз. Өзіңіздің босаңсуыңызға жол бермеуге тырысыңыз.
3. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?"Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
4. Егер сіздің өмір сүруіңізге 1 жылдан аз уақыт қалса, не істейсіз? Бір жылдың ішінде қандай жұмыстарды атқарар едіңіз? Осындай ойлар адамдардың өмірдегі маңызды заттар мен өмірлік мақсаттарын түсінуге септігін тигізеді. Бұл арқылы адамдар нақты жоспар құрып, сол жоспарларды орындау жолында жұмыс істей бастайды.
5. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі. Сонымен қатар, жоспарлар мен мақсаттарыңыздың тізімін жазып, түртіп отыратын қойын дәптердің болғаны дұрыс.
6. Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске көшіңіз.Бастаған ісіңізді аяқсыз калдырмаңыз.
7. Тізімді басымдылығы бойынша құру қажет.Көптеген адамдар өздеріне жақын жұмыстардан бастағанды жөн көреді. Дегенмен, күнделікті атқарылатын істердің тізімі маңыздылығы бойынша құрылатын болса, бұл адамға жоспар бойынша рет ретімен жұмыс істеуге көмектеседі. Әрбір аяқталған істерді тізімнен сызып тастауға болады.Сонда адамдар жоспарларының бір бөлігінің жасалғанын көріп, ары қарай бар күшімен жанталасуға дем береді.
8. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз. Күнде ұйықтар алдында өз-өзіңізге жауап берініңіз. Қандай жұмыстар орындалды, орындалмағандары болса себептерін іздеп, өз істеріңізге талдау жасаңыз.
9. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз. Әрбір іске жауапкершілікпен қарап, бірінші реттен олжалы аяқтауға бар күшіңізді салыңыз. Бұл қателіктердің аз болуына және екі жұмыстың жасалмауына жол береді. Ең бастысы, өте мұқият болып, әр қадамыңызды тексеріп отырыңыз. Ешқашан жоспарларыңызды кейінге шегіндірмеуге тырысыңыз. "Жалқаудың ертеңі бітпес" дегендей, әрбір кейінге қалдырылған істің ұзаққа созылуы немесе мүлдем ұмытылып қалуы мүмкін.
10. Толыққанды жұмыс істеу үшін өзіңізге көңіл бөліңіз. Уақыт өте келе адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, сондықтан демалысқа да дұрыс уақыт бөле білу керек. Табысты аяқталған жұмыстар үшін өзін мадақтап, біраз үзіліс бөлу керек. Бірақ, демалғанның жөнісі екен деп, бос сандалудың қажеті жоқ. Демалысқа арналған уақытты да пайдалы өткізуге болады. Мысалы, қызықты кітаптар немесе жаңалықтар оқу, спортпен айналысу.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/13996/
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: