Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 21 жыл толып отыр. Қазақстан- бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде.Татулық пен бірлікті алға тартқан Елбасымыз көш бастап, Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.
Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз жылытады.
Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа
ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да
тізіліп ұшып барады. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Сонымен қатар бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтып жүрміз. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялатыны белгілі. Күздің сұлулығына көзің тоймайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Етіс дегенымыз не? ол қаншага бөлінеді?