Жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде,қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай , сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы , іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбісі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына , қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады
igor-790
29.02.2020
Шет тілі олардың бірі ағылшын тілі - кеңінен тараған, ең танымал тілдердің қатарына кіреді. шет тілін қазіргі заманда екінің бірі біледі. өйткені бұл ғасыр шет тілін қажет етеді. себебі жердің басым бөлігі долларды көп қолданады. шет тілін меңгеру мен үшін баста қиындыққа әкеліп соққан жоқ. өйткені біз алғаш шет тілі сабағын өтіп, әріптерді тани бастағанда мен оларды білетін едім. бұл прогресске себеп танымал "gta vice city" ойынында бір неше кодтарды жаттап қолданып жүретін едім. ол кодтар әрине, шет тілінде жазылған.
А Дзукаев1562
29.02.2020
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, қ және заңды шаралар жүйесі. қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. қазақстан республикасының мәжіліс және үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. ол қазақстан республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. қазақстан республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.