Бір а жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып арлы-берлі жүрді-дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кезі еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза құдай нұрға қанып.
Әй, әке! Мұның мәнін түсіндірші?
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып!
Бұл бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзге көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Сонша бұл бидайдың дәні көп пе?».
«Айтайын мұның мәнін, балам саған:
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенге,
Ойлама, кем екен деп бәрі сонан.–
Және де әкесі айтты баласына:
Сұқтанба құр сорайған қарасына!
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сиынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
Елде көп бұл бидайдай адам, – деді,–
Тәкаппар, оны халық жаман , – деді.
Қалпы емес тәккаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам»,–деді.
Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп — крахмалға, ал асханалық қызылша — қантқа бай; қырыққабатта С витамині, ал сәбізде — организмде Д витамині құрылатын — каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ ақуызға; аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Разбор слова мектеп, жекеші и көпші түрі