Қымбатты қазақстандықтар! құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! баршаңызды ұлы дала елінің ұлық мерекесі – тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 жылдығына аяқ бастық. әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. сол күні әлем көгінде «қазақстан республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлық бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. сияқты, мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағаны аттайды. біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі – ересек өмірдің ғын басу. екеуі де – қайталанбас, қастерлі мезеттер. бұл – әбу насыр әл-фарабидің айтып кеткен орамды сөзі, өнегелі өсиеті. биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды. қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз. тағылымы мол тарихымыз – сонау сақ дәуіріндегі, түркі тұсындағы, күні кеше 550 жылдығын ел болып тойлаған қазақ хандығы кезеңіндегі, кешегі екінші дүниежүзілік соғыстағы ұлтымыздың ұлы күрестерінің куәсі. бұл – біздің өткеніміз, бұл – біздің тағдырымыз. осы бір тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұратын орындау бақыты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. олай болса, бұл күн ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. аман-саулық – ң нағыз бақыты болса, тәуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты. бұл – туған еліне егемендік пен еркіндікті қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып берген әйгілі махатма гандидан қалған сөз. расында да, тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дәмі , мәртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады. елу жылда ел жаңа деген халық даналығын баршаңыз білесіздер. десе де, біз елу емес, небәрі 24 жылда қарыштап жаңаланған, төрткүл дүние бағалаған ел болдық. өзгелер ғасырлап өтетін, ал біреулері мүлдем мақрұм кететін тарихи жолды бар болғаны ширек жасқа жетпей тәмамдадық. ол да болса кешегі ерлігінің рухын алған, ертеңгі ұрпағына жол салған бүгінгі замандастарымыздың, сіздер мен біздердің еселі еңбектеріміздің арқасы. «рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» дейді дана халық. егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған сіздердің де қосқан үлестеріңіз қомақты деп білемін. халқымызда «теңдес ағайын баспанасымен, дербес халық астанасымен мақтанады» деген сөз бар. келген қонақ үйге кіріп, иесін сынаса, өзге жұрт ордасын көріп, елін таниды. сол сияқты қай қазақтың да «жан-жүрегім» деп марқаятын да, «өз сарайым» деп айта алатын да дарабоз, ақордалы, биік, бәйтеректі, самалдай, кең шатырлы астанасы бар, тәуелсіз қазақстаны бар. тәуелсіздіктің қадірі, бостандықтың қасиеті, отан деген ұлы ұғым – осы.
artem-whitenoise142
18.04.2020
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі семей облысының шыңғыс тауларындақарқаралының аға сұлтаны құнанбайдыңтөрт әйелінің бірі, екінші әйелі ұлжаннантуған. ақынның арғы тегі орта жүз тобықты арғын ішіндегі олжай батырданбасталады. олжайдан айдос, қайдос, жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. айдостың айпара деген әйелінен: ырғызбай, көтібақ, топай, торғай, деген 4 ұл туады.бұлардың әкесі момын, шаруа , ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. сол айпара : «шынжыр қ, шұбар төс ырғызбайым, тоқпақ жалды торайғыр көтібағым, әрі де кетпес, бері де кетпес топайым, сірә да оңбас торғ» ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. ырғызбайдан үркер, мырзатай, жортар, өскенбай тарайды. өскенбайшаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “ісің адал болса өскенбайга бар,арам болса ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.өскенбайдың әйелі зереден құнанбай туады. құнанбай 4 әйел алған . оның бәйбішесі күңкеден – кұдайберді, інісі құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: ұлжаннан – тәңірберді (тәкежан), ибраһим (абай), ысқақ, оспан, үшінші әйелі айғыздан – халиулла, ысмағұл туады. қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі нұрғанымнан ұрпақ жоқ. абайдің “ атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы ұлжанның тәрбиесінде өсті. абай әуелі ауылдағы ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл семейдегі ахмет риза медресесінде оқиды. бұл медреседеараб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. құрбыларынан анағұрлым зейінді оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкіртатанады. ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб,иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, шығыстың низами, науаи,сәғди, қожа хафиз, фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. медресенің үшінші жылында абай семей қаласындағы “приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.