ответ:Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам – бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Объяснение:
Ата-бабаларымыз ұл-қыздарын өздеріндей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, ақылды, парасатты, иманды етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Олардың бойына өнер мен еңбекті ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Мәселен, ер баланы бес жасынан бастап азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Ал қыздардың тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Адамның қандай болып өсуі оның ата-анасына байланысты. Ата-ана тәрбиесі жас ұрпақтың бойына өнер, білім ғана емес, күллі әдепті де, мәдениет пен ізгілікті де сіңіре білген.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Перевести текст: сабақтың мақсаты: а) аңыз-әңгімелер туралы мағлұмат беру, сөйлеу тілін , сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету. ә) оқушылардың тіл байлықтарын арттырып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу, тілдерін , өз ойын тұжырымдай білуге қалыптастыру. б) аңыз әңгімелер арқылы ұлы өмірін өнеге ете отырып, бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіру. ізденімпаз, ұйымшыл, болуға ықпал ету. сабақтың түрі: жаңа сабақ сабақтың типі: дәстүрлі сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру. көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд), флипчарт. сабақ барысы: i.ұйымдастыру бөлімі. а) амандасу; б) назарларын сабаққа аудару. сабақ оқушылар бір-біріне сәттілік тілеуден басталады. 1 кезең -сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. қазақ халық ауыз әдебиеті ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан. халық өмірден жинаған бай тәжірибесін келесі ұрпаққа сөз өнерімен жеткізген. халық ауыз әдебиеті түрлері кейін жазба әдебиетінің жан-жақты ықпал жасаған. -біз халық ауыз әдебиетінің қандай салаларын білеміз? -, сызбаны толтырайық. (1 флипчарт сандық) халық ауыз әдебиеті жұмбақтар мақал-мәтелдер жаңылтпаштар ертегілер аңыз-әңгімелер (ережесін жатқа айту+жұмбақ, мақ.) венн диаграмма (салыстыру) 2 кезең халық ауыз әдебиеті әдептілікке, әділдікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа, бірлікке, ынтымаққа, достыққа, еңбексүйгіштікке, батылдыққа үйретеді. аңыз-әңімелер ережесін айту, дәптерге жазу. жұмбақ жасыру. ал енді , қазір біз пазл шешу арқылы бүгінгі аңыз-әңгімеміздің кейіпкерінің атын анықтаймыз. (флипчарт)