alvas12828646
?>

Курамында есимшеси бар 5 сойлемди матин

Казахский язык

Ответы

nestruev
Айдос ауылға кеше келген болатын. орындалмақ жұмыстың жайын айтты. ата- әжелерім оның   жұмысына қызығатын болды. мен де айдоспен барармын деп ойладым. бірақ мені өзімен бірге алмайтын болды.
barkhatl-2p7
Достық ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашанкөптік етпейді. еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры мұхтар шахановтың: «достық деген ізгіліктің алаңы,оған куә ғасырлар мен замандар.отанын да сатып кете аладықиын шақта досын сатқан ! »деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі. м.шаханов жүрегіне ең жақын жолдас бола білген бір тұлғаны ерекше атап өткен. ол тұлға - қырғызстанның халық жазушысы, қоғам және мемлекетқайраткері, қырғызстан ғылым академиясының, еуропа ғылым академиясының академигі, социалистік еңбек ері - шыңғыс төреқұлұлы айтматов еді [1]. берілген эсседе түрік халықтарының ең жарық екі жұлдыздары ш. айтматов пен м.шаханов арасындағы адал достық, өзара қолдау мен өмір жолдары жайлы ой қозғалады.шыңғыс айтматов әлемдік деңгейдегі жазушы. бірақ, соның ішінде қазақ халқына ерекше жақындығыменмақтана аламыз. оның бірінші себебі, ақын қазақ ауылына көршілес өңірде дүниеге келіп, қоян-қолтық араласып өскен. екіншіден, осының әсерінен көптеген шығармаларында қазақ мәдениетіне жақын рөлдер сомдалған. оған жазушының әлемге танымал еңбектерінің бірі «жәмила» дәлел бола алады. үшіншіден, ш.айтматовтың қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалымы м.әуезовты пір тұтуы қазақ халқынадеген ерекше ықыласын көрсетеді. 
vallihhh
Абай жолы»  -  мұхтар әуезовтың  әлемге әйгілі тарихи  романдар  топтамасы - қазақтың тұңғыш  эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. эпопеяның «абай» атанған алғашқы екі кітабына  ксро  мемлекеттік сыйлығы (1949), «абай жолының» тұтас төрт томына  лениндік сыйлық  (1959) берілді. «абай жолы» арқылы қазіргі  қазақ прозасы  күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын м. о. әуезов туған әдебиетіміздің тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. мұның өзі заңды да, өйткені  «абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес».[1]  «бұл да аз,- деді француз жазушысы луи арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, xx ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға «абай жолы» қандай қасиеттері мен жетті? бұл сұраққа жауап беру үшін  эпопеяға  тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды. алдымен, тақырып туралы. кешегі, яки тарихи тақырып: бүгінгі, яки қазіргі күн тақырыбы деп жүрміз. бір тұста осылар жөнінде айтыс ашып, дауласып та көрдік. бәрі шартты нәрсе! (кеше, бүгін, ертең  уақыт  жалғастығында жік жоқ: таң атса, ертең бүгінге, бүгін кешеге айналады. демек, кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ). сондай-ақ бүгінгі  қазақ  кім? мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ  халық  болмайды.әуезов  өзінің төрт том «абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін -тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. сондықтан да, «абай жолын» оқыған бенжамен матип  «қазақ неткен ғажайып халық»  деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, константин федин  «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». сондықтан да бүгінде л. н. толстойды оқымай орысты, о. оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Курамында есимшеси бар 5 сойлемди матин
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Aleksandrovich-Yurevna1421
Евгений1286
Playintim405374
korolev-comitet8825
elav20134518
Yevgeniya Bessonov
zrs-546
valera850515
juliaWinter
abakas235
slonikkristi69
masum-2011687
Анна498
Dmitrievna405
Borisovich-Volobueva1803