Шолпан — күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтірген. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 117 тәулікке тең.Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723 астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Жерден қараған бақылаушыға Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы 48″-тан аспайды. Сондықтан ол Күн батқаннан кейін (кешкі жұлдыз) не Күн шығардың алдында (таңертеңгі жұлдыз) ғана аз уақыт көрініп тұрады. Шолпан – аспандағы ең жарық шырақ (Күн мен Aйдан кейінгі). Жалтырауының максимумы 4,4-жұлдыздық шамаға дейін жетеді.
12 сойлем
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
3-тапсырма. мәтін бойынша кестені толтырындар. өздерің білетін спорт түрлері мен толықтырыңдар. көне спорт ойындары қазіргі спорт ойындары прошу
ертеде бір перзент көрмеген әйел болды. болса деген ой жатса-тұрса көкейінен шықпады. бірақ жоқ қайдан алады. :
– несі бар, айтсам айтайын! – дейді сиқыршы кемпір. – мә, мынау арпаның дәні, бұл жай дән емес. диқан жерге сеуіп немесе тауығына беретін арпа деме; мұны гүл өсіретін құмыраға отырғыз, сосын не болатынын өзің-ақ көресің! әйел сиқыршы кемпірге «рақметін» жаудырып, он екі скиллинг берді де, үйіне келіп, арпаның дәнін гүл егетін құмыраға екті. сол сол-ақ екен, әлгі дәннен қызғалдаққа ұқсас ғажап гүл өсіп шыға келді. гүлдің жапырақшалары әлі ашыла қоймаған гүл қауызы сияқты жиырылып тұрады.
– қандай ғаламат гүл! – деді де әйел оның сарғылт жолақ түскен қып-қызыл жапырақшасынан сүйіп алды.
сол мезет бірдеме тырс ете қалды да, гүл қауызы ашылып кетті. бұл нағыз қызғалдақ екен. оның нақ ортасындағы жасыл текшеде түймедей ғана қыз отыр. өзі соншалық нәзік, үлкендігі түймедей-ақ. оның түйме қыз аты содан шығады.
грек жаңғағының жалт-жұлт еткізіп лак жалатқан қауашағы оған бесік болса, көгілдір фиалка гүлі төсенішке жарады. ал райхан гүлінің бір жапырақшасын көрпе етіп жамылды. бесігіне ол түнде ғана жататын. ал күн ұзын стол үстінде ойнап жүретін. әлгі әйел стол үстіне тәрелкемен су қойып, оның ернеуіне гүл шоқтарын салып қояды. гүлдердің ұзын сабақтары суға малшынып жатады. ал судың жиегінде қызғалдақтың үлкен бір жапырақшасы қалқып жүреді. түйме қыз сол гүл жапырақшасына мініп алып тәрелкенің ол шетінен бұл шетіне дейін жүзіп, ескек орнына ат құйрығынан жұлып алынған екі тал ақ қылды пайдаланды. осының бәрі қандай керемет еді десеңдерші! түйме қыз сызылтып ән де салатын. мұндай нәзік те сүйкімді дауысты бұрын-соңды тірі жан естімеген еді! бір күні түнде түйме қыз қаннен-қаперсіз бесігінде ұйықтап жатқанда, өзі сондай ұсқынсыз, үсті-басы алпы-салпы үлкен бақа сынған терезенің тесігінен кіріп келді. ол ал қызыл гүл жапырағын жамылып, түйме қыз ұйықтап жатқан столдың үстіне секіріп түсті.
– міне, міне, әйел де табылды! – деді де бақа жаңғақтың қабығын алды да, терезеден бауға қарай қарғып түсті.
ол жақта үлкен, енді өзен бар еді. оның жағалауы ылғи лайсаң болып, басып жататын. бақа мен осы жерде тұрады екен. о-ой! да сондай сиықсыз да жағымсыз екен! тура шешесін сойып қаптап қойғандай.