marychev55
?>

Очеень много сочинение на казахском : маган унаймын қазақтын салт- дәстүрлері ( казахские традиции/обычаи которые мне нравится)

Казахский язык

Ответы

moto-eskort
«ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.  той малы  той малы (дәстүр). «жүз жылқы той малына кетіпті» (м.ж.көпеев). келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.  күйеуаяқ  күйеуаяқ (ғұрып). жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. ата енесі күйеу ірі мал атайды. мұны «күйеуаяқ» дейді.  түйемұрындық  түйемұрындық (ғұрып). ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады. қыз қашар  «қыз қашар» (дәстүр). «былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (х.арғынбаев). күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.  күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. үлкен дауға кетеді. күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді.  құйрық бауыр  «құйрық бауыр» (салт). «құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. одан барлық құдалар ауыз тиеді. құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.  құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. сондай ақ осы «құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. құда, құда дейсің ау, әй,  құйрық бауыр жейсің ау, әй,  құйрық бауыр жемесең,  несіне құда дейсің ау, әй.  әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады.  күйеу киімі  күйеу киімі (салт). «әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба? » деп бізді мінейді. ки! деп аттанар жерде абайға жаңағы күйеу міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс. алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер күйеуді киімінен танып алады. сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. сол бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл мініп алып қызыққа бөленеді. бұл да ауыл салты. 
Гаевая1290

джоан роулинг    танымал британдық  жазушы. оның сиқыршы  гарри поттер  туралы кітаптары бірнеше марапатқы ие болып, 400 миллион дана көлемінде сатылды. кейін олар тарихтағы сатылымы ең мол кітаптар сериясына айналып, тарихтағы ең кассалық фильмдер сериясының оқиға желісіне негіз болды. роулинг сценарииларды бекітіп және соңғы бөлімнің продюссері бола тұра, бүкіл шығармашылық процессті өзі басқарды.

гарри поттер  басынан өткізген шытырман оқиғалары жайында роман жазу туралы ой жазушыда  1990 жылы,  манчестерден  лондонғадейінгі пойыздағы сапары кезінде пайда болды. сол кезеңде джоан халықаралық ғылыми қызметкер мен хатшы-аудармашы лауазымын атқарды. келесі 7 жыл аралығында роулингтің анасы көз жұмды, джоан жұбайымен ажырасып, кедейшілік зардабын шекті. бірақ  1997 жылы  жарық көрген «гарри поттер және пәлсапалық тас»  жазушыға әл-ауқат пен танымалдылық сыйлады. нәтижесінде, джоан алғашқы кітабына 6  сиквел  және үстеме ретінде 3 қосымша кітап жазды. серияның соңғы кітабы - «гарри поттер және ажал тартуы»  деп аталды. осыдан кейін ол агенттігімен қош айтысып, ересектерге арналған әдебиетті жаза бастайды.  2012 жылы  роулинг «кездейсоқ қызмет»  атты кітап жарыққа шығарды. джоан «роберт гэлбрейт» жасырын атымен «көкектің үндеуі» (2013) и «жібек иіруші» (2014) криминалдық романдарын жазады.

ол  ұлыбританиядағы  ең сатылымы мол жазушы. джоанның сатылымдары 238 миллион фунт стерлингтен асады.  2008 жылы  sunday times rich list  роулингті  ұлыбританияның  ең әл-ауқатты әйелдерінің тізімінде 12 орынға орналастырып, дәулетін 560 миллион фунтқа бағалады.  2007 жылы  forbes  роулингті ықпалдылығы жөнінен 48-ші даңқты ретінде бағаласа, ал  time  журналы жазушының өз жанкүйерлеріне сый ететін әлеуметтік, саяси және қолдауын есепке ала отырып, джоанға  жыл тұлғасы  номинациясында 2-ші орынды береді.  2010 жылдың  қазанында роулинг жетекші журналдар редакторларымен «ұлыбританиядағы  ең ықпалды әйел» атанды. сонымен қатар, джоан  gingerbread,  multiple sclerosis society of great britain  және  lumos  секілді ұйымдарды қолдап,  филантроптықәрекеттерімен көзге түсті.

Vyacheslav_Nikolaevna

уақыт-бізге берілген сый болып табылады.біз өзімізге берілген уақытты үнемдей білуіміз керек.әрбір уақытыңды қызықты хоббимен өткіз.өзіңе ұнаған хоббимен айналыс.уақытты бағалау қажет.күн сайын өтіп жатқан уақытың саған қайтып келмейді.сол себепті қазір қолыңнан келетін нәрсені істе.кейін өкініп қалма.уақыттың әрбір сағаты, әрбір минуты,тіпті, әрбір секунды біз үшін өте қымбат.себебі, сен кез-келген уақытта алдыңнан не шығатынын білмейсің.сол себепті, әрбір уақытымызды аялап, оны босқа өткізгенше, өзіңе пайдасы тиетін нәрсемен өткізуің керек.уақытты бағалайық.уақыт-бізге берілген сый.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Очеень много сочинение на казахском : маган унаймын қазақтын салт- дәстүрлері ( казахские традиции/обычаи которые мне нравится)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

sjmurko
borisowaew
ikalabuhova
admiral-kazan
belegaj98
printdecor
Nikolaevich-Svetlana388
mayskiyandrey90
krikriska84
Евгений1286
Tane4ka2110
million2003
vifslafes
alekbur
Александр Сергей
Қазақстанның жер көлемі қандай? ​