"ежелгі дәуір әдебиет" (vii-xiv ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ орхон ескерткіштерін (vii ғ "қорқыт" (viii ғ.) және "оғыз-наманы" (ix ғ.) атаймыз. ежелгі дәуір әдебиетін мұхаммед хорезми, әбу насыр әл-фараби, әбу райхан әл-бируни, махмұд қашқари, қожа ахмет йасауи, сүлеймен бақырғани, жүсіп ғұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (x-xii ғғ.) – аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын ға үлкен үлес қосқан. ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде ған кезеңінде (хiii-хvi ғғ.) "кодекс куманикус", "махаббатнама", "жүсіп-зылиха", "гүлстан", "домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
і. көне түркі әдебиеті. орхон жазуындағы жәдігерліктер.
орхон-енисей ескерткіштерінің зерттелуітүркілердің ежелгі діни ұғымдар мен наным-сенімдерікез –келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы үі ғасыр ортасында басталды. сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті үі-хү ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.
үі-іх ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «күлтегін», «білге қаған», «тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «оғыз-наме» дастаны мен «қорқыт ата кітабы», әбу-насыр әл-фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.х-хіі ғ. әдебиет. бұл қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер. ж.ғұнның «құтты білік», м.қашғаридің «түркі тілінің сөздігі», а.яссауидің «даналық кітабы», а.иүгінекидің «ақиқат сыйы», с.бақырғанидың «хакім ата», «жұбан ана», «әулие мария» туындылары х-хіі ғ. өмірге келген әдебиет нұсқалары.хііі-хіү ғ. әдебиеті. бұл кезең алтын орда не хорезм дәуірі деп аталады. бұл дәуірдегі туындылар түркі әдеби тілінің шағатай, қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. олар: «кодекс куманикус», хорезмидің «мұхаббат наме», н.рабғузидің «қисса сул әнбия», дүрбектің «жүсіп-зылиха», с.сарайдың «гүлстан бит түрк», құтыбтың «хұсрау-шырын дастандары . сонымен қатар х.дулатидің «тарихи рашиди», қ.жалайыридың «жамиғ ат тауарих», з.бабырдың «бабыр наме» шығармалары осы кезеңнің үлгілері.Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Предложение со словом дау- жанжал (спор)