Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды.1. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусым күні Әмір Темір тапсырысымен сирек кездесетін асыл металдардың қо йылған. Түркістан қаласының батысынан 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде орналасқан.
2. Тайқазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр. Қазан сыртындағы арабтың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Йассауи кесенесіне арналып жасалғаны айтылады.
Объяснение:
1. Жақсының жақсылығы сол болар – жаманмен қосылып сөйлемекке ар етер,
Жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетіңді қара етер.
2. Жаманнан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.
3. Бар күшіңді сынамай балуандармен күреспе.
4. Атаның ұлы жақсыға малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі.
5. Арғымақ атқа көп міндім – садаға кетсін буданнан,
Азаматқа көп ердім – садаға кетсін туғаннан.
6. Жағаңа дұшпан қолы тимеске – артында туысқанның көбі игі.
7. Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.
8. Жүк тиесең – кетерсің, ниет етсең – жетерсің.
9. Жақсы да келер бұл көпке. жаман да келер бұл көпке.
10. Жоғары қарап оқ атпа – жақын түсер қасыңа.
11. Шығармақ бұлт – жай тастар, әділ жігіт – ел бастар.
12. Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн.
13. Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.
14. Жақсының өзі өлсе де – сөзі өлмейді.
15. Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті.
16. Бір жақсымен дос болсаң - азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.
17. Жайыңды білмес қарындас – өзі дұшпан, өзі қас.
18. Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің.
19. Жаманның жалаңдаған тілі жау.
20. Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: