1980 жылы 4 сәуірде түркістан қаласында дүниеге келген. 2000жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, шымкент қаласы жанындағы темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. бекзат саттарханов түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. бекзат әкесі сейілхан мен анасы сырлыкүлдің кенже . саттархановтардың бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. бағдат, болат, мақсат есімді да спортты серік еткенімен, бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. қ шағы алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы бекзаттыкүрес үйірмесіне қатыстырады. алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында абай атындағы мектеп интернатта, кейін жұмабек еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, бапкері нұрлан жұмабаевтан тәлім ала бастайды. ата-анасы мен туыстары бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.заң саласы мамандығын игерген. алдымен мұхтар әуезов атындағыоңтүстік қазақстан мемлекеттікуниверситетінің дене шынықтыруфакультетіне түсіп, кейін түркістан қаласындағы қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. бекзат бокста серік қонақбаевты үлгі тұтқан. мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылымәскеу олимпиадасының финалында серік қонақбаев жұдырықтасқан сәтте бекзат бесікте жатқан сәби еді. анасы сырлыкүл саттарханованың серік қонақбаев секілді бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. бекзат кейін ана арманын орындайды да. ол сиднейдегі жеңісін түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
rusvicktor
16.11.2021
оның ішінде, қазақ теледидары жастар бағдарламасының 40 жылдық мұрасын саралап, маңызын көрсету, тәжірибесін тарату қаралады. бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі міндеттерді белгіленді: - жастар телехабарларының қалыптасуы мен ғы проблемаларды ашып, кеңес дәуіріндегі мақсатын, идеологиялық жұмысының бағытын анықтау, жастар редакциясы ұйымдастырған хабарлардың пәрменділігін, насихаттық ықпалын, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін көрсету; - әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты телехабарлардың мазмұнын саралап, тақырыптық ауқымын зерттеу, құрылымдық, көркемдік сапасын талдау; - хабарды берудің пішіні мен бағдарламаның жанрлық, тілдік, стильдік әдіс-тәсілдерін, журналистік шеберлік деңгейін айқындау, хабарлардың түрлеріне талдау жасап, тарихи тағылымы жайында ой қорыту; - хабардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-қ, оқу-ағартушылық, танымдық, моральдық, проблемалық, итернационалдық-патриоттық, эстетикалық сипатын айқындап, бағдарламалардағы ұлттық нақышты көрсету; - тәрбие құралы ретіндегі мәніне бойлап, қазақ теледидарындағы орнын анықтау; - жастар бағдарламасы тарихындағы көтерілген мәселелердің өміршеңдігін, бүгін де маңызын жоймағандығын дәлелдеу, қазіргі таңдағы жастар бағдарламасының хабарлары ң басты бағыттарын айқындау. зерттеудің дереккөздері. зерттеудің көзі ретінде қазақ теледидары ме радиосы республикалық корпорациясы мұрағатының мәліметтері, коммунистік партияның теледидар мен жастар жөніндегі қаулылары, жұмыс тақырыбына байланысты шыққан мерзімді басылымдар мақалалары, қазақ теледидарында жұмыс істеген журналистер қ.игісінов, н.иманғалиұлы, ф.бегенбаева, ә.ысқақова және тағы басқалардың естеліктері пайдаланылды. жұмыстың ғылыми жаңалығы. қазақ теледидары жастар бағдарламасы туралы арнайы зерттелген бұл жұмыста жастарға арналған хабарлардың тақырыбы мен идеясы, жанрлық, тілдік, стильдік ерекшеліктері, ұлттық дәстүрмен сабақтастығы, әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты тақырыптық жаңашылдығы, көркемдік, публицистік деңгейі жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалды. қоғамдық пікір қалыптастырудағы хабарлардың тиімділігін, пәрменділігін арттырудағы шығармашылық ізденістер сөз етіліп, жастар редакциясының шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және тілі (а.байтұрсынов) бола білгендігі, халықтық сипатының басымдығы нақты деректермен дәлелденді. жазылған еңбекте жастар бағдарламасының пайда болуы мен ғы проблемалар ашылып, жаңа телехабар пішіндерінің пайда болғандығы айқындалды.
лукашова940
16.11.2021
1- санына байланысты: мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік. бір жылы сөз бір күнге азық. бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды, бір сауысқан келгенмен қыс болмайды. 2 - санына байланысты: екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас. ерке - екі жылар. жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады. 3 - санына байланысты: досыңды үш күн сынама, үш жыл сына. жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді. ат баспаймын деген жерін үш басады. 4 - санына байланысты: төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда. төрт аяқты жылқы да сүрінеді. төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды. 5 - санына байланысты: біреуге бес күн алда келсе, біреуге бес күн кейін келеді. бес саусақ бірдей емес. бес бармақ жиналса, жұдырық болады. 6 - санына байланысты: алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа. ағайынды алты болсаң, тимес. алты аға бірігіп әке болмас. 7 - санына байланысты: жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі. жақсыны жеті жыл жетелесең, болады, жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады. 8 - санына байланысты: дос сегіз болса, дұшпан сегіз. жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады. санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай дос деме. 9 - санына байланысты: тойған жерге тоғыз кел. тоғыз әйелдің толғағи бір келеді. тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек. 10 - санына байланысты: он санының саны бірдей болғанымен тұрқы бірдей емес. он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық. он бір әкеге жүк болмайды, бір әке он ға жүк болады. 12 - санына байланысты: су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады. он екіде бір гүлі ашылмаған. шындық он екі қабат шынжырды үзеді. 15 - санына байланысты: болар бесігінде боспын дейді, болмас жиырма бесте жаспын дейді. ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың, он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың, он бесте отау иесі 30 - санына байланысты отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды. отыз күн оразаның бір күн айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар. отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсың. 40 - санына байланысты: жақсы кісі қырық жасында толады, жаман кісі қырық жасында солады. жақсы әке жаман ға қырық жыл азық.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Реферат на казахском яыке про спортсмена б.саттарханова много.