Мен бара-бара жалықтым.айта-айта аузым талды.көп киім-кешек алдым.
gorushko-tabak3
25.12.2021
Отбасы – үшін ең жақын әлеуметтік орта. отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. отбасында алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. отбасы ң азамат болып өсуінің негізі болып табылады. отбасының басты қызметі тәрбиелеу. отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. бұған ң қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен ілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар с. қалиев, м.смайылова, м.оразаев, с. ұзақбаева, к. қожахметова, ж.б. қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған. әр халықтың тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, ілік, қ, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты денесін , денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. еңбек тәрбиесі деп еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру ң қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке ілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. қазақ отбасы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы ілікке тәрбиелей білді. сондай-ақ, қазақ отбасында зиялылығының негізі – ақыл
ЕленаАнастасия315
25.12.2021
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. ақын с.торайғыров ана тілімді: сүйемін туған тілді - анам тілін, бесікте жатқанымда-ақ берген білім. шыр етіп жерге түскен минутымнан, құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. демек әр ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы к.г. паустовскийдің «туған тіліне жаны ашымаған - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады. ана тілі - ар өлшемі. олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. ең жақсы - ана тілін құрметтеген . бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені ілікке, шын патриот болуға жетелейді. ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы болғысы келетін жас ң бірінші парызы. ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті отаныңды сүйе білу деген сөз. ақиық ақын м.мақатаев «отан» атты өлеңінде: мен оның түнін сүйем, күнін сүйем ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. мен оның қасиетті тілін сүйем мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. менің елім - көп ұлтты қазақстан. қанша ұлттың бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. бұл - біздің елбасымыз нұрсұлтан назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз. елбасы н.назарбаевтың «қазақстан-2050»: «бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауында: «енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. қазір елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. менің ойымша, егер өзге тілді білетін болса, ол рухани бай деп ойлаймын. өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын қ.мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне: мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем! пушкин, байрон, шекспир, гейнеге сен. бірақ сені қазақ деп айта алмаймын туған ана тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді. сырдың сыршыл ақыны ә.тәжібаев «біз түгел қазақ бола білейік» деген өлеңінде: күркіре, көңілім, қобызым, гуле, бұрқыра! күн жаңа туды ерлікке ғана ұмтылар. елдікті қорға, елдікті бастар ерлікті айт. сарының сенің рух берсін жуас жұртыңа жырла, тілім, жырла! - дейді. қорыта келгенде, абай әрлеген тіл, жамбыл жырлаған тіл - қазақ тілі, мәңгілік елдің мәңгілік тілі болып қала бермек!