қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары. айран. қаймағы алынған немесе алынбай пісірлген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. ол- жеңіл және сусындық тағам. қуырдақ. қуырдақ кез келген малдың етінен жасала береді. қуырдаққа еттен басқа өкпе-бауыр қосып жасайды. қуырдақтың түрлері көп: соғым қуырдағы, өкпе-бауыр қуырдағы, қарын қуырдағы. бауырсақ. шай дастарханының басты асы – бауырсақ. бауырсақ ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. қазақтың ұлттық бауырсағы әр түрлі пішінде, үш-төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. бауырсақтың түрлері көп. мысалы: бармақ бауырсақ, жол бауырсақ, ши бауырсақ, ақ бауырсақ, той бауырсағы т.б.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тауелдык жалгау просклонять слово аке