Жұлдыздар туралы шығарма.
Жұлдыздар дегеніміз - ғаламдағы негізгі жарық көздері. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн - бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз,сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және ең орасан зор дене болып табылады.
Жұлдыз өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай көзбен қарағанда бес мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Ерте заманның өзінде-ақ адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар. Көп уақытқа дейін жұлдыздар орнынан қозғалмайды деп есептелген. Аристотель заманынан (біздің заманымыздан бұрынғы 4-ғасыр) бастап, көптеген ғасырлар бойы жұлдызды аспан мәңгілік және өзгермейтін хрусталь сфера тәрізді, оның сыртында құдайлар өмір сүреді деп жорамалданды.
Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде ЭЕМ-ді қолдануға байланысты жұлдыздарды зерттеу мәселесі одан әрі тереңдей түсті.
ответ
1 наурыз – Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Раушан гүлінің сипаттамасы.
Раушангүл тұқымдасы — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Раушан – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны. Раушан бағзы замандардан-ақ ең сәнді өсімдік саналып келген. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да, мұрныңызды жарардай хош исі тұрғысынан да теңдесі жоқ десек, артық айтқандық емес. Англия, Иран және АҚШ елдерінде раушан – ұлттық гүл саналады.
Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаник. бағында 1957 — 84 ж. аралығында Раушангүл тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең бастылары: “Қазақстандық мерекелік” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті); “Алматыдан сәлем” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); “Алматы хош иістісі” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); “Қызжібек” (биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); “Аққу” (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ түсті); “Гүлсұлу” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста үсімейді), т.б.[1]
Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар және т. б.