Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.
Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.
Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін.
Объяснение:
«Еңлік-Кебек» дастанында неліктен рубасылары екі жасты өлімге қияды?
Еңлік сұлу туыла салып, ата-анасы оны Найман елінің жігітімен атастырып қояды. Қыз өсе келе, атастырылған Найман жігітін ұмытып Тобықты елініңКебек деген батырмен кездесіп, сүйіп қалады. Елдің қарсылығын естіген екі жас қашып кетуді жөн көреді. Осы жағдайдан кейін ала-сапыран басталып шу болып, Ру басылары арасында келіспеушілік болады. Келіспеушіліктің арты шабуға ұласады. Осылайға бітімге келе алмаған рубасылары екі жастың өмірін қиюға мәжбүр болады. Екі жастың өмірін қимаса үлкен ру арасында кикілжіңнің өрбіп кететінін білген Билер, ауыл бақсылары осындай мәмлеге келеді.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: