Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2003 жылдың 28 қарашасында Астана қаласында өткізген Ұлттық Кеңесте: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірбиесіне жүгіну тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен алатын заңды құбылыс. Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндеттер жатыр» – деген еді. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты қоғам талаптарына сай қалыптастыру оңай шаруа емес. Әсіресе, батыстық бағыттағы үлгіні ұстанған жас ұрпақтың бойына ұлттық сана қалыптастыру қиынның қиыны. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тізгінінен өткен бай тәжірибелік қазынасын қолдану кезек күттірмейді. Ата-бабамыз салып кеткен сара жолды таңдап, өскелең ұрпақты салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға сай тәрбиелесек, ұтарымыз мол. Ұлттық сана біздің идеологиямыздың және қазіргі қоғам дамуының негізі болып табылады. Оны іске асырудың жолдары: халықтар достастығын нығайту мақсатындағы жұмыстарды атқару, Отандық тарихты терең меңгеру, мемлекеттік тілді және ұлттық психологияны білу. Өкінішке орай, қазіргі кезде жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарап, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендікті, өзгелерге келгенде шыдамсыздықты, тіпті агрессивті болып келеді. Олардың бойында білімге, еңбекке, рухани құндылықтарға, қоғам өміріне араласуға деген қызығушылықтар да аз байқалады. Жас ұрпақ арасында мұндай құбылыстарға жол беруге болмайды, өйткені бұл жағдайлар мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер туғызады. Мұндай жағдайлар жастардың әскери борыштарын орындауда да ерекше байқалады. Бұл жағдайлардың негізгі себебін ұлттық патриотизмнің рөлі мен маңызының төмендеуімен байланыстыруға болады. Айта кететін жағдай, азамат пен мемлекет арасындағы саяси-құқықтық қатынастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары ұлттық сананың келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп, қарастыруды талап етеді. Бұл біздің ұлттық санамыз үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажетті ерекше маңызды мәселе.
Объяснение:
ответ:Сөйлем мүшелері:Бастауыш, Баяндауыш, Анықтауыш, Толықтауыш, Пысықтауыш осыларға талдайсың.
Сұрақтары Бастауыш: Кім? не? кімдер? нелер?
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.
Анықтауыш:қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Толықтауыш:Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Пысықтауыш:Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите на казахский 5 предложений. орёл красивая и грациозная птица. голубь это признак счастья и любви. у нас во дворе живут: петухи и курицы. одна из самых моих любимых птиц- снегирь. все птицы по своему красивы.