ea9824165833886
?>

10 вопросов с обращением на казахском языке

Казахский язык

Ответы

Natalya
Калайсын? Апай кашан келеди? Агылшын сабагы болама? Драмага барасынба? Нестепватсын?Сен кай жактансын? Кандай тил билесин? Сенин атын киим?Компьютер жасадыма?
Nataliefremova2015808
Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.
Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған.
Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н. И. Долгополов және Е. П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін тереңдете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.б
daverkieva568
Күз суреті (Мақсұт Неталиев) 

Сарыала жапырақтар 
Қонады қалқып ұшып. 
Мүлгиді атырап бар 
Жамылып алтын ішік. 
Бу шығып бүйірінен 
Ағады жылға-бұлақ. 
Ақбөкен үйірімен 
Барады Сырға құлап. 
Дәнді алқап жалтылдайды, 
Жайғандай дүзге кілем. 
Жер-Ана ән тыңдайды, 
Аққулар тізбегінен. 
Қайың тұр амал қылып, 
Шық моншақ тағынып ап. 
Сүйеді самал – жігіт 
Қалғандай сағынып-ақ! 
Бұлбұлдар сайрамады, 
Бұтаққа жайғасып жай. 
Дөңгелеп Ай барады, 
Әлемнің айнасындай! 
Тәкәппар тау-шыңдар да 
Өрлейді сүйіп өрін. 
Қызығы таусылған ба, 
Думанды дүниенің?! 

Отан (Мұқағали Мақатаев) 

Отан!! 
Отан! 
Сен болмасаң, не етер ем? 
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, 
Өмірден бұл өксуменен кетер ем. 
Құс ұясыз, 
Жыртқыш інсіз болмайды. 
Отансыз жан өмірінде оңбайды. 
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. 
Тірі адамға – сол қайғы! 
Күн көреді, 
Әкесіз де, анасыз, 
Өмір сүрер. 
Әйелсіз де, баласыз, 
Ал Отансыз – 
Нағыз сорлы панасыз? 
Білесің бе, 
Отанның сен не екенін? 
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.) 
Екі Отан жоқ. 
Жалғыз Отан – мекенің! 

Бірім – бір, 
Екім – екі. 
Үшім – үш, 
Төртім- төрт, 
Бесім –бес, 
Алтым – алты, 
Жетім – жеті 
Сегізім –сегіз, 
Тоғызым – тоғыз, 
Оным –он, 
Он бірім – Оны тапшы ай, күнім? 
Бір деген – белеу, 
Екі дегенің – егеу, 
Үш дегенің – үскі, 
Төрт дегенің – төсек, 
Бес дегенің – бесік, 
Алты дегенің – асық, 
Жеті дегенің – желке, 
Сегіз дегенің – серке, 
Тоғыз дегенің – торқа, 
Он дегенің – оймақ 
Он бір – қара жұмбақ. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

10 вопросов с обращением на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

annashaykhattarova1
anadtacia03108988
Ruzalina_Svetlana1435
Igorevich_Aleksandrovna1599
Vasilii1891
Чиркина999
ruslanchikagadzhanov
smook0695
vera141187
ngoncharov573
Deniskotvitsky6422
marinamarinyuk39
loa364
generallor3
Истомин441