Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ғалым-білім туралы мақал-мәтелдер (монолог)
Білмейтінің тоқсан тоғыз.Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.Күш - білімде, білім - кітапта.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.Білім арзан, білу қымбат.Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.Ұстаздан шәкірт озар.Алтын алма, білім ал.Ғылым - теңіз, білім - қайық.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгірКөп жасаған білмейді, көп көрген біледіБілімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.Ілім - бұлақ
Білім - шырақ.Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.Оқу инемен құдық қазғандай.Оқу түбі тоқу.Ойнада күл,
Оқыда біл.Білім - ер азығы,
Ер - ел азығы.Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы. Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.Көргеннен көрмегенін көп.
Білгеннен білмегенің көп.Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.Туа білмейді, жүре біледі.Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.Қолдағы бар алтынның қадірі жоқАқыл азбайды,
Білім тозбайды.Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.