- Бәрі жақсы, рахмет. Кеше өзіңіз тарих сабағынан көмектесіп едіңіз ғой, сол хабарлама дайындағаным үшін бүгін «бес» алдым.
- Жарайсың! Өте қуаныштымын!
- Ағай, ренжімесеңіз, тағы сіздің көмегіңіз керек болып тұр?
- Айта ғой, қандай көмек, қолымнан келіп жатса, көмектесейін?
- Бұл жолы географияға байланысты тапсырма. Қазақстан облыстары мен қалалары туралы хабарлама әзірлеуім керек.
- Оның еш қиындығы жоқ қой. Сұрақтарың бар ма, сұрай бер.
- Қазақстан Республикасының аумағында неше облыс пен қала бар?
- Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.
- Ол қандай қалалар, атап өтсеңіз.
- Астана қаласы — Қазақстан Республикасының елордасы, Алматы және Шымкент қалалары — республикалық маңызы бар қалалар.
- Жер аумағы бойынша ең үлкен облыс?
- Қарағанды облысы.
- Ал жер аумағы бойынша ең кіші облыс қайсы?
- Бұл сұрақтың жауабы: Солтүстік Қазақстан облысы болады.
- Ақмола облысының орталығын айта кетсеңіз?
- Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласы.
- Ағай, уақытыңызды бөліп, маған көмектескеніңізге көп рахмет!
- Оқасы жоқ, бауырым! Тағы да «бес» аласың деп ойлаймын!
nekrasovaolga27
06.05.2021
Қазақта би болмаған» дейтіндердің аузына біржолата құм құйылды. Олай дейтініміз, көнеден келе жатқан ұлттық «Қара жорға» биі әйгілі Гиннесстің рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылды. Ғасырлар қойнауында қалып, бертін келе арамызға қайта оралған осынау би үлгісі бүгінгі ұрпақтың орындауында тіпті жандана түскендей. «Қытайдағы ұлтжанды қандастарымыз 10 мыңдай адамның басын қосып, «Қара жорғаны» бір деммен орындап шығыпты» деген хабарды ел-жұрт бірден іліп әкетті. «Қара жорға» болмаса, тойдың сәні келмейді» демекші, бүгінде қазақтың көп жиындары мен той-томалақтары осы бір ерекше, ғажап бисіз өтпейді. Әйтсе де біз көп жағдайда өзіміздің түп-тамырымызға үңіле бермейміз. Соның салдарынан қаншама құндылықтарымызды күнделікті игілігімізге пайдалана алмай отырмыз. Себебі бүгінгі қазақтың баласы кешегі өткен тарихына мұражайлық экспонат ретінде қарайтын сияқты. Осылайша, бізде ұлттық мұраларымызды экзотика ретінде ғана қабылдау қалыптаса бастады. Десек те, мұндай қасаң қағидаларды өзгертіп, ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарас қалыптастыруға әбден болады екен. Мұны 10 миллионға жетер-жетпес қазаққа «Қара жорғаны» серпіле билеген әлгі 10 мың биші дәлелдеп бергендей. Еліміздің басына екіталай күн туғызған сонау бір зар-заман нәубет жылдары қазақ қазақ болғалы бергі рухани байлығымыздан кәдімгідей ажырап қалдық. Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі де қазақтың небір жауһар дүниелерін өз қолымен жоюға тырысып-ақ бақты. Әйтсе де жылдар өте келе етек-жеңін жиған Алаш жұрты Тәуелсіздік алғаннан кейін шетте шашылып жүрген қандас бауырларын азат шаңырақ астына жинап, біріктіре бастады. О баста «оралман» деген атқа ие болған қандастарымызбен бірге бірте-бірте ұлтымыздың сан жылдар бойы жоғалып кеткен құндылықтары, салт-дәстүрлеріміздің кейбір нұсқалары мен өнері ортамызға қайта оралып, сәнін беріп әрі мәнін ұқтыра бастады.Бөркімізді аспанға атқызған «Қара жорға» да атамекеніне оралған қазақтармен бірге келген мол қазынамыздың бірі еді. Енді, міне, сол мұрамыз мерейімізді үстем етіп отыр. Әдетте әр халық өзінің бір өнерімен өзгелерден ерекшеленіп тұрады.
tsatskina857
06.05.2021
Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.
Шебердің қолы — ортақ, Шешеннің тілі ортақ.
Тіл — буынсыз, Ой - түпсіз.
Сүйреңдеген қызыл тіл Сүйгеніңненайырар; Иә жаубетін қайырар.
Алажағым кетсе де, Айташағым кетпесін.
Ат жүйрігі айырады, Тіл жүйрігі қайырады.
Мақтаған жеткізер, Шаққан өлтірер.
Сүңгініңжарасыбітер, Тілжарасы бітпес.
Басқа пәле тілден.
Тіл — тиексіз.
Тіл ерді қабырға салады, Нарды қазанға салады.
Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ.
Қызыл тіл жанның мияты, Абырой ердің қуаты.
Ашуың келсе — қолың тарт, Айтпас жерде — тілің тарт.
Тіл жүйрік емес, Шын жүйрік.
Піл көтермегенді Тіл көтереді.
Адам көңілінен азады, Тілінен жазады.
Жер астында жатқанды, Қазбай, қарап тіл табар.
Қойын-қойын сырыңды Түбінде келіп шын табар.
Аш құлақтан — Тыныш құлақ.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.
Жыланның тілі айыр, Жылан мінезді адамның сөзі айыр.
Аңдамай сөйлеген Ауырмайөледі.
Аяғы жаман төрді былғар, Аузы жаман елді былғар.
Көп сөйлеген — Көптен айрылар.
Көп сөз — күміс, Аз сөз — алтын.
Суды ішім тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.
Ақпа құлаққа айтқан сөз Ағып кетеді. Құйма құлаққа айтқан сөзді Құйып алады.
Өтірікшінің шын сөзі зая.
Қатты айтсаң, Қарындасыңажақпайсың. Ақырынайтсаң, Ақың кетеді.
Біреудің сөзі әдемі, Біреудің көзі әдемі.
«Көрдім» деген көп сөз, «Көрмедім» деген бір сөз.
ІІІешеннің сөзі — мерген, Шебердің көзі — мерген.
Ине көзінен сынады, Шешен сөзінен сынады.
Қаһарлы сөз — қамал бұзар.
Олақтың сөзі — Орынсыз жамау тәрізді.
Орынды айтылған сөз — Орнына қағылған шеге сияқты.
Ойнапсөйлесең де, Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді.
Мір тәуекел бұзады, Мың қайғының қаласын; Бір жылы сөз бітірер Мың көңілдің жарасын.
Адам сөзінен жазады, Сиыр мүйізінен жазады.
Көз жеткізер, Көз жеткізбегенді Сөз жеткізер.
Аталы сөзге, Арсыз жауап қайырар. Ақ пен қараны Шындық айырар.
Шал, Шалдың сөзі — бал.
Ұлы сөзде — ұят жоқ.
Сөз шындықты табар.
Көп сөйлеген Иә жолдасынан, Иә құрдасынан айрылады.
Жақсы сөз — жарым ырыс.
Жаным десе — жан семіреді.
Ауыз дарбаза, Сөз самал, Құдай ұрғанға не амал?!
Жүйелі сөз — Жүйесін табар; Жүйесіз сөз — Иесін табар.
Сөз жүйесін тапса — Малиесінтабар.
Жүзден біреу — шешен, Мыңнан біреу — көсем.
Бұралқы сөз — күлуге жақсы, Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.
Айтпаса жүректен кетеді, Тартпаса білектен кетеді.
Құр судан май шықпайды, Құр сөзден мән шықпайды.
Сөзің тәтті болсын, Ашуың қатты болсын.
Еттен өткен таяқтан, Сүйектен өткен сөз жаман.
Сөз қуған — пәлеге жолығар, Шаруа қуған — қазынаға жолығар.
Өзі — шынашақтай, Сөзі — келсаптай.
Сөздің басы — бір пышақ, Аяғы — бір құшақ.
Сөйлемесе қайдан туады? Сөз сөзден туады.
Айтсаң сөзіңе жет, Мінгес те, үйіңе жет.
Ауруда — шаншу жаман, Сөзде — қаңқу жаман.
Құрғақ сөз бас ауыртар, Құрғақ қасық ауыз жыртар.
Көз көргенше, Ауыз батыр, сөйлеп қал.
Сөз бергенге ерме, Бөз бергенге ер Сөз — бейнет болар, Боз — көйлек болар.
Сөзіңді айт ұққанға Айтып айтпай не керек, Құлағына мақта тыққанға.
Көп сөйлесең — тақылдақ дер, Аз сөйлесең — ақымақ дер.
Көптің аузы — зеңбірек.
Кесірлі ауыздан Кесапатты сөз шығар.
Тұз астың дәмін келтірсе, Мақал сөздің мәнін келтіреді.
Ауызында әзілі жоқтың Қолында қол шоқпары бар.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақстан облыстары мен қалалары туралы диалог құрастырыңыз
Қазақстан облыстары мен қалалары туралы диалог
- Ағай, сәлеметсіз бе!
- Сәлем, Айбарыс! Қалың қалай, сабағың қалай?
- Бәрі жақсы, рахмет. Кеше өзіңіз тарих сабағынан көмектесіп едіңіз ғой, сол хабарлама дайындағаным үшін бүгін «бес» алдым.
- Жарайсың! Өте қуаныштымын!
- Ағай, ренжімесеңіз, тағы сіздің көмегіңіз керек болып тұр?
- Айта ғой, қандай көмек, қолымнан келіп жатса, көмектесейін?
- Бұл жолы географияға байланысты тапсырма. Қазақстан облыстары мен қалалары туралы хабарлама әзірлеуім керек.
- Оның еш қиындығы жоқ қой. Сұрақтарың бар ма, сұрай бер.
- Қазақстан Республикасының аумағында неше облыс пен қала бар?
- Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.
- Ол қандай қалалар, атап өтсеңіз.
- Астана қаласы — Қазақстан Республикасының елордасы, Алматы және Шымкент қалалары — республикалық маңызы бар қалалар.
- Жер аумағы бойынша ең үлкен облыс?
- Қарағанды облысы.
- Ал жер аумағы бойынша ең кіші облыс қайсы?
- Бұл сұрақтың жауабы: Солтүстік Қазақстан облысы болады.
- Ақмола облысының орталығын айта кетсеңіз?
- Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласы.
- Ағай, уақытыңызды бөліп, маған көмектескеніңізге көп рахмет!
- Оқасы жоқ, бауырым! Тағы да «бес» аласың деп ойлаймын!