Объяснение:
Риторика (ағылш. Rhetoric; Шешенсөз, немесе Шешендік өнер) - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бері көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі сөйлеу өнерінің жалпы атауы. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.
Шешенсөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.
сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі
Отбасы - тәрбие бастауы.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Қандай жағымды қасиет болмасын, барлығы отбасындағы тәрбиеден бастау алатынын ұмытпау керек. Бала «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жас ұрпақты саналы, әдепті, ұлағатты етіп тәрбиелеу керек. Сонда ұлтымыздың да болашағы жарқын болмақ деп ойлаймын!
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Всем! нужен перевод текста на язык. заранее большое ! осы мақсатпен сұлтанмахмұт 1912 жылы троицк қаласына барады. онда ахун рахманқұли деген татардың медресесіне түседі. бірақ сұлтанмахмұт мұнда ұзақ оқи алмайды. тұрарға үй таппай, әрі қаражаты болмай көп қиыншылық көрген сұлтанмахмұт ауруға шалдығады. қатты жүдеп-жадайды. соның салдарынан медреседе қыс бойы ғана оқып, жазғытұрым троицк маңындағы бір ауылға оқытуға кетеді. ондағы ойы – оқыта жүріп, денсаулығын көтеріп, қаражат жинап алып, қайта оқу іздеу болады. мектептен бос кезінде ол өзі ізденіп оқиды, өлеңдер жазады. сұлтанмахмұттың бұл кезде жазған өлеңдерінен оқу-білімге деген құмарлық айқын байқалады. жас ақын өз талабын бүкіл ел қажеті, халық мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяға көтеріледі. өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды. «оқып жүрген жастарға» өлеңінде ол лирикалық кейіпкер атынан сөйлеп, оның оқуға деген ынтасы мен келешекке сенімін бейнелейді. өлеңде ынталы жас ұрпақтың өнер-білім игерсек, өмірден керегімізді аламыз деген сенімі айқын берілген. сұлтанмахмұт оқудың мақсатын халыққа пайдалы қызмет ету міндетімен байланыстырады. «талиптерге» (шәкірттерге) атты өлеңінде ол замандастарына: «ұйқы басқан миллатынды көр, соларды оят, ілгері баста, ол үшін өнер-білім үйрен» деп ашық үгіт айтады. осы идеяны ақын «оқуда мақсат не? » деген өлеңінде тереңдетіп, оқудың мақсаты – молда болып, ескілікті бағу емес, әкім болып, шен тағу да емес, өнер табу, халыққа пайдалы іс істеу деп түсіндіріледі. өлеңде сондай жолды қуушыларды кекете сынау сарыны бар. «жемтік көрсе тістей қататын» молданың арам мінезі мен «тілмаш боп, жем табуға» ұмтылушыларды ол жек көреді. «қандай» 1912 жылы жазылған өлеңінде сұлтанмахмұт қазақ халқының мәдениетке ұмтылмай, ұйқыда жатқанын шендестіре жырлайды. ағын су мен ақпайтын судың бірдей еместігі сияқты, бір орнында тұрған мен жүргеннің де айырмасы бар, тұрмалық, алға басалық дейді. мұнда да діни оқу мен орыс оқуын қарсыластыру бар. қазақ халқының түбіне жеткен ескі оқуға ақын айрықша шүйлігеді. сұлтанмахмұттың ағартушылық өлеңдерінің бас қаһарманы көбіне өзі («ендігі бет алыс», «туған еліме» т. енді бірде зор үмітпен жоқ іздеген жастар болып отырады. («оқып жүрген жастарға», «талаптыларға» халықты батыс мәдениетіне жеткізуші де солар болуға тиіс. жүре-келе «шығамын тірі болсам» (1913), «шәкірт ойы» (1917) деген өлеңдерінде ол өнер-білім идеясын үлкен романтикаға айналдырады. ол кезде ақын оқу-білімді халықты надандық пен құлдықтан құтқарудың бірден-бір жолы деп түсінген, бұл идея мен тақырыпты шын жүректен толғанып жырлаған. өлеңдерінің іші толған өмір тынысы, халық талабы. қазақ феодалдарының бір тірегі шала сауатты молда-қожа, қажы-ишандар болған. ислам идеологиясы мен тәжірибесіне бір жақты ден қойып қана қоймай, халықты прогреске жеткізу мүмкін емес еді. осы үлкен халықтың мәселені сұлтанмахмұт аса мол жырлаған. «дін» (1910), «соқыр сопы» (1911), «айт» (1914), «мағынасыз мешіт» (1912), «шұбар қожа» (1920) деген өткір де сатиралық өлеңдерінде халыққа кері әсер жасап келген құбылыстардың бірі дүмшелер екенін айтады. «айт» деген шығармасында ақын діннің байлар табының құралына айналғанын айтады. айт, ораза, намаз ислам идеологиясымен байланысты дін мейрамы, әдет-ғұрпы болғандықтан, сұлтанмахмұт бұлардың бәрін де ескіліктің шырмауы ретінде сынайды.
в 1912 году султанмахмут решает отправиться в город троицк. там он поступил в медрессе татара ахуна рахманкули. но он не мог проучиться там долго. у него были трудности, так как у него не было собственного жилья и денег. он сильно похудел и заболел. поэтому зимой он учился в медрессе, а летом обучал мальчика из соседнего аула. он обучал детей, следил за здоровьем и собрал денег. в свободное от школы время султанмахмут много читал и сочинял стихи.