Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:
“Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”
“Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).
Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.
“Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” (Мағжан).
Мұнда ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстырып қоймай, соған балап айту бар. Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі, т.б. Тілдегі қолданыс аясына қарай жеке қолданыстағы метафора және тұрақты метафора болып бөлінеді. Әдебиеттегі ізденістер нәтижесінде “метафоралық роман” деген соны термин қалыптасып келеді.[1][2][3]
Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау (номинация). Бірінші жағдайда метафора сөйлем ішінде баяндауыш болады да (Сен қасқыр екенсің), екінші жағдайда бастауыш немесе толықтауыш болады (Қасқыр қайда кеткен? Ол қасқырмен көп байланыса берме). Сөйлеу практикасында қалыптасып қалған аң атаулары ғана (аю, түлкі, қоян, доңыз, қой, ит т. б.) ғана емес, метафора қызметінде адам болмысындағы, қызметіндегі әр алуан жайлар алына береді (бастық, чиновник, ғұлама, әкім т. б.). Мундай жайлар, сөйлеу жағдайында анық байқалып отырады; (Мынауың дайын тұрған ғұлама ғой! - Өзір ғұламалық ертерек шығар, бірақ түбінде болып қалатын да сыңайы бар).
Метафораның басқа троптарға ұқсас қасиеттері
Метафораның басқа троптарға ұқсас келетін қасиеттері бар. Мұндайда метафораның анықтамасын және атқаратын троптық қызметін естен шығармаған мақұл. Мысалы, мына көзілдірікке мен көп сене қоймаймын сөйлеміндегі көзілдірік, бір қарағанда, метонимия (бүтіннің бөлшегі) ретінде қабылдануы мүмкін. Соған қарамастан, оның метафоралық қызметін де жоққа шығаруға болмайды. Дәлірек айтқанда, бұл сөзді қолданушы адам бүтіннің бөлшегін емес, көзілдірік киіп алып білгішсінген, ақыл айтқыш, барлығынан хабары бар мақтаншақ кісіні еске салуы мүмкін. Метафораның теңеумен ара қатынасын да білу қажет. Айталық, метафора бір ұғымның орнына екінші ұғым- ды қолдануды қаласа, теңеуде бір зат пен екінші заттың ұқсас жайлары алынады:
Күннің көзі малшы болып,
Найзағайы қамшы болып,
Шартылдады, күркіреді,
Бес түлік мал дүркіреді (Қ. М.)
дегенде, тұлғалық жағынан әдеттен тысқары қолданылғанымен, күннің орнына малшы, найзағайдың орнына қамшы жұмсалуға лайық. Ал Жігіттің жүрегі дүрс-дүрс соғып, аттай тулап кетті(Н. Ғ.) сөйлеміндегі аттай немесе ат сөзі жүректің орнына қолданыла алмайды, жүректің тез соғуы мен аттың тулауының арасында, алшақтау болса да аналогия бар.
Метафоралау түрлері
Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт— есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.
Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; балшық — зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).
Метафортоптағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.[4]
удачи
«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымы
- Байқоңыр қаласы.
- Ғарыш айлағы:
- құрамында 52 ұшыру қондырғысы бар кешен (85 х 125 км);
- көмекші объектілер (заводтар, аэродромдар, жылу-электр орталығы).
- Зымырантасығышының бөлініп қалатын бөлшектері құлайтын аудандар (жалпы көлемі 4,8 млн га болатын 22 алаң).
Жалға беру шарты (1994 ж.)
Жалға беру ақысына (жылына АҚШ-тың 115 млн. доллары) табиғатты пайдалану төлемі де қосылған. (Бірақ қоршаған ортаны қорғау қорына одан бір тиын да түспей отыр).
Экология және табиғат қорғау мәселесі 1997 ж. 4 қазанда жасалған келісіммен жеке реттеледі.
Ғарыш айлағы объектілеріне бөгде адамды кіргізу көзделмеген. Бұл мәселе 1999 жылдың 1 қарашасындағы жеке ережемен кейіннен реттелген.
«Байқоңыр» ғарыш кешенінің мәселесімен айналысып жатқан жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, олардың бағдарламалары
Өткен жылы (1999 ж) «Протон» екі рет құлағанда, біздің мұндай төтенше жағдайға дайын емес екендігіміз белгілі болды. Қазір бірталай тәжірибе жинадық. Бірінші жағдай бойынша ғылыми зерттеуді Қазақстан ғалымдары жүргізе бастады. «Байқоңыр» кешенінің қызметіне байланысты халық денсаулығы жағдайының мониторингі бағдарламасы боынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Ермекбаевтың басшылығымен облыс дәрігерлері де жұмыс істеуде. Солардың ішінде ҚР ҰҒА-ның корреспондент – мүшесі, ҚММА-ның ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақаш Әлиакпаровтың басшылығымен «Байқоңыр» кешенінің адам денсаулығына әсері туралы тереңдетілген ғылыми зерттеу бірінші рет жүргізіліп отыр. Бұған қоса зымырантасығыштың бөлінген бөлшектері түсетін Ұлытау, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарындағы жерлерде ҚазМУ мен «Қазмехонобр» ғалымдары да экологиялық зерттеулер жүргізілуде. Ал Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ-дың ғалымдары жүргізіп жатқан жұмыстар өте ерекше. Онда экологиялық зерттеу орталығы құрылып, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Ақылбаевтың басшылығымен зымыран отының құрамын анықтайтын жаңа аспап және оның жұмыс істеу әдістемесі жасалып жатыр.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
«Байқоңыр» ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған а ң ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді.
«Байқоңырдың» қызмет ете бастағанына 40 жылдай уақыт болса, осы уақыт ішінде ол Қазақстанды әлемге танытты. Алғашқы жер серіктері осында ұшырылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, мұнда тұрған ғимараттар мен басқа да жарақтардың құны 25-30 млрд долларға бағаланады екен. Ол бұрынғы Кеңес Одағынан қалған мұра. Ол Қазақстанның ғылыми дәрежесінің өсуіне де үлкен әсер етті.
«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының а үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Какой перевод? ) сен ата-анаңа көңіл аударасың ба? отбасыңда бір-бірлеріңді кешіре білесіңдер ме? отбасыңда болған қиындыққа қ білдіре аласың ба? неге бақыт тек қиындықпен келеді?