Атау септік (Именительный падеж) Кім? ...
Шығыс септік (Исходный падеж) Кімнен? ...
Жатыс септік (Местный падеж) Кімде? ...
Барыс септік (Дательно-направительный) Кiмге? ...
Ілік септік (Родительный падеж) ...
Табыс септік (Винительный падеж) ...
Көмектес септік (Творительный падеж)
Объяснение:
Атау септік Кітап, кітапхана, кітапханашы
Ілік септік Кітаптың , кітапхананың, кітапханашының
Барыс септік Кітапқа, кітапханаға, кітапханашыға
Табыс септік Кітапты, кітапханады, кітапханашыны
Жатыс септік Кітапта, кітапханада, кітапханашында
Шығыс септік Кітаптан, кітапханадан, кітапханашыдан
Көмектес септік Кітаппен, кітапханамен, кітапханашымен
Прости, если неправильно
Ілеге ғашық болады
。◕‿◕。
Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда түсушілер келе бастайды. Бірақ Іле қыз олардың бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды.
Сол елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.
Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге тимеген палуандар белдеседі. Шабандоздар бәйгеге түседі. Бұл асты бергенде Балқаш байдың ойында қызы Ілеге болашақ күйеу іздеу де жоқ емес-ті. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бір-біріне тәнті болған екі жас тек іштей ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға ерекше ілтипат көрсетуінен қатты шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек байлықта деп ұғады. Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол – өзінің кедейлігі еді.
Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат бермек түгілі жігіттің атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал ауылдан қашып шығады. Қызының кедей жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал қуғыншылардан құтылмасын біледі де, әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: «Әке, мен тек Қараталды сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар екенін білмедің. Ол күш – махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеуімізді бірге жерле», – дейді де биік құздан етекке құлайды.
Қызының парша-парша болған жансыз денесін көрген Балқаш бай есінен танып құлайды. Арада біраз уақыт өтіп, өзі-өзіне келген Балқаш бай жанындағыларға: «Мен өмірде үлкен қателік жібердім. Адам үшін бар байлық та, бақыт та бала екенін енді түсіндім. Тірлігімде жіберген қателігімді о дүниеде жуайын, Іле мен Қаратал екі сағам болсын», – деп екі баласының ортасына жатып, өзіне-өзі қанжар салады. Міне, Балқаш көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болып, үнемі екі сағасынан келіп құятын Іле мен Қаратал демімен толығып отырады екен.
осы аңызды оқып көр.Мүмкін көмегі тиіп қалар。◕‿◕。
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4арип 5 дыбыс; 2 арип 3 дыбыс; 5 арип 4 дыбыс; 5 арип 5 дыбыстан туратын соз кура. оларды бириктирип сойлем кура
ал 5 арип 4 дыбыска таба алмай отырык