Мақта қыз бен мысық.
Қатықты төгіп тастағаннан кейін Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Құйрығын қайтарып алу үшін мысық төгілген қатықты да қайтару керек еді, қатық сұрап әуелі сиырға барады. Сиыр болса, жапырақ сұрайды. Ағашқа барып, жапырақ сұрап еді, ағаш шөлдеп тұрғанын айтып, су сұрайды. Су іздеп, қыздарды көріп, олардан су сұрайды. Су беру үшін қыздар мысықтан сағыз сұрайды. Сөйтіп дүкенге келеді. Дүкенші сағыз беру үшін мысықтан жұмыртқа сұрайды. Сөйтіп тауықтан жұмыртқа сұрауға тура келеді. Ал тауық болса, бір уыс тары сұрайды. Ұнжырғасы түсіп, не істерін білмей келе жатқанында тышқанды көріп, оған бас салады. Сөйтіп, тышқан үйіндегі тарысын беріп, құтылады. Ал мысық болса, ол тарыны тауыққа беріп, жұмыртқа алады. Жұмыртқаны дүкеншіге апарып, одан сағыз алады. Алған сағызын қыздарға беріп, орнына су алады. Суды шөлдеп тұрған ағашқа беріп, одан жапырақ алады. Алған жапырақты сиырға беріп, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Электр шамы туралы жұмбақ курастыр ұйқас арқылы. . алмұрт. . барша жұрт
қолданады барша жұрт?